Зәуре Кәрімқызы Аюпова


Зәуре Кәрімқызы Аюпова
Мансабы: заң ғылымдарының докторы, профессор

Зәуре Кәрімқызы Аюпова (6.5.1964 ж.т., Алматы қаласы) – заң ғылымдарының докторы (2008).

ҚазМУ-дың (1986, қазіргі ҚазҰУ) заң факультетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. Осы университетте ізденуші (1986–88);

ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) ассистент, аға оқытушы, доцент (1991–95), кафедра меңгерушісі (1995–97), профессор (2000) қызметтерін атқарды.

2008 жылдан ҚазҰПУ-да мемлекеттік және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі. Аюпованың 20-дан астам ғылыми еңбегі алыс және таяу шет елдерде (АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) жарық көрген.

«Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйе: оның қалыптасу теориясы мен тәжірибесі» деген тақырыпта доктор диссертация қорғаған.

Аюпова 200-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 7 монографияның авторы.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы

Сілтемелер


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!