Жоғарғы ұшу шегі[1] — берілген жағдайларда ұшақтың (тікұшақтың) ең жоғарғы ұшу биіктігі жоғарғы ұшу шегі орнықты, динамиқалық және практиқалық болып бөлінеді.
- Ұшақтың орнықты жоғарғы ұшу шегі — оның тұрақты жылдамдық себебімен түзу сызықты көлденең ұшуының ең жоғарғы биіктігі;
- тікұшақтың орнықты жоғарғы ұшу шегі — онын тік және көлденец жылдамдықтары нолге тец болғандағы, аспалы жағдайда тұруының ең жоғарғы биіктігі.
- Ұшақтың динамиқалық жоғарғы ұшу шегі — ұшу жылдамдығын ең төменгі мүмкін жылдамдыққа дейін азайту жолымен жоғары көтерілу маневрі процесінде кинетиқалық қуат қорын қолдану арқылы қол жеткізілетін үшудың ең жогарғы биіктігі;
- тікұшақтың динамиқалық жоғарғы ұшу шегі — оның тұрақты жылдамдықпен түзу сызықты көлденең ұшуының ең жоғарғы биіктігі.
- Ұшақтың (тікұшақтың) практиқалық жоғарғы ұшу шегі — оның практиқалық қолдануының ең жоғарғы биіктігі. Ұшақтын (тікұшақтың) жоғарғы ұшу шегі төмендегідей ұшу жағдайларына, сырткы аспалы жүктемесіне, метеожағдайларға және тағы басқа байланысты болады.
Дереккөздер
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл