Жоспарлы саяхат

Жоспарлы саяхаттар — туристік ұйым белгілеген және дайындаған маршруттар бойынша жасалады; туристер базаларға орналастырылып, тамақтандырылады, оларға әр алуан транспорттық, экскурсиялық және басқа да қызмет көрсетіледі.

Жолдаманы таңдап алғанда ең алдымен өз денсаулығының жайын және жорық кезінде кездесетін қөиындықтарға шыдауға күш-қуаттың жетер- жетпесін ескерген жөн.

Жастар мен орта жастағы кісілерге, әсіресе, жаяу, шыңғымен жүретін, қайық немесе салмен жүзетін маршруттар қызғылықты. Жасы ұлғайған немесе күш- қуаты жеткіліксіз адамдар үшін жолдың біраз бөлігін транспортпен жүретін және белгілі бір жерде серуендеп тынығатын туристік маршруттар ұйымдастырылады. Сондай-ақ балаларымен келген ата- аналарға арнайы белгіленіп, тиісінше жабдықталған маршруттар болады.

Алыс маршруттарға әуес адамдар үшін поезбен, теңіз және өзен кемелерімен, автобуспен, самолетпен баратын транспорттық саяхаттар ұйымдастырылады. Туристік- жолаушылар үшін архитектуралық ансамбльдерді, жаңа салынып жатқан құрылыстарды, музейлерді аралап көрсететін, теңіз жағасында дем алатын және т.б. мүмкіндік жасалады.[1]

Дереккөздер

  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!