Жану проблемалары институты

Жану проблемалары институты
Құрылған жылы

1989 жыл

Директоры

Надиров Рашид Казимович

Орналасқан жері

 Қазақстан

Заңды мекенжайы

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 172

Сайты

https://www.icp.kz/

Жану проблемалары институты – Қазақстандағы жану процестерін зерттеумен айналысатын жалғыз институт. 1989 жылы Алматы қаласында құрылған.[1]

Институт құрамындағы лабораториялар:

  • өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез көмегімен отқа төзімді заттар алу;
  • гибридтік технологиялар;
  • композициялық материалдар;
  • жалын негізінде синтез;
  • құрылыстық және функционалдық керамика;
  • өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез көмегімен катализаторлар және пигменттер алу;
  • көмірсутектердің жану проблемалары;
  • құрылыс материалдары;
  • қозғалтқыштардағы жану процестері;
  • турбуленттік жану және материалтану.

Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты:

жану процесі негізінде жаңа бағалы заттар – материалдар мен композициялар алу. Институтта пеш қалауға арналған отқа төзімді «Фурнон» материалдары, дәнекерлеу электродтары, құрылыс жұмыстарына арналған пигменттер мен бояулар, ағын суды тазалауға арналған көміртекті сорбенттер, қышқылға төзімді материалдар, дәнекерлеу электродтарын қаптауға арналған флюстер мен шихталар, детальдар мен бұйымдар алуға арналған толтырғыш полимерлер, оттан қорғаушы коррозияға қарсы «Бірлік-М» қаптамасы, тұрмысқа қажет отын брикеттері жасалып, өндіріледі. Құрылғаннан бастап институт өзін-өзі қаржыландырады. Жыл сайын институт қызметкерлерінің жүргізген зерттеу нәтижелерін баяндайтын ғылыми жинақ шығарылады.

Дереккөздер

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Сілтемелер

Білім. Ғылым. Өндіріс Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!