Жалған ақша — мемлекеттің немесе ақша шығаруға жауапты мекеменің рұқсатынсыз жасалған ақша. Өткізу мақсатында жалған ақша жасаушылық мемлекеттік қазыналық және банктік билеттерді, металл монеталарды, мемлекеттік құнды қағаздарды немесе шетелдік валютаны өткізу үшін дайындау әрекеті. Барлық елдердің заңнамасы бойынша қылмыс деп танылады.[1]