Жалпы педагогика
1. Адам тәрбиесінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін, барлық оқу-тәрбие мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісінің жалпы негіздерін әзірлейтін негізгі ғылыми пән;
2. барлық жастағы топтарға және оку-тәрбие мекемелеріне ортақ болып саналатын оқытудың және тәрбиелеудің ұстанымдарын, формаларын және әдістерін зерттейтін және қалыптастыратын педагогика;
3. оқыту мен тәрбиелеудің негізгі заңдарын зерттейтін педагогикалың білімдердің бір саласы. Жалпы педагогиканың құрастырушы бөлшектері мыналар болыр табылады: тәрбиелеу теориясы, оқыту теориясы (дидактика) және білім беру жүйесіндегі ұйымдастыру және басқару теориясы.
[1]
Дереккөздер
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6