Жалпақтөбе (көне қала)

thmb
thmb

Жалпақтөбеортағасырлық қала орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Қоғам ауылынан 17 км солтүстік-батыста орналасқан.

Тарихи деректер, сипаты

Алғаш 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) тапқан. 1966-1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеу жүргізген. Жалпақтөбенің ежелгі атауы белгісіз.
Бұрыштары дүниенің төрт құбыласына сәйкес келетін төртбұрыш тәріздес, екі деңгейден тұратын төбе. Негізгі бөлігінің ауданы 240х200 м. Оның шығыс шеті едәуір биік және трапеция тәріздес келген, табанының ауданы 100х90 м, биіктігі 6 м. Әрбір бұрышында орналасқан мұнараларының қираған қалдығының биіктігі 7,5–10 м. Батыс қабырғасының орта тұсында орналасқан қос мұнара қала қақпасының екі жақтауын қорғау үшін салынған құрылыс болуы мүмкін. Батыс жағынан келіп қосылатын алаңша аса биік емес, ауданы 140х100 м, биіктігі 4 м. Төбенің беткі жағынан табылған ыдыс сынықтары қаланың 1–13 ғасырлар аралығында болғанын көрсетеді.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!