Жак Фреско (ағылш.Jacque Fresco; 13 наурыз, 1916 жыл, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық инженер, өнеркәсіптік дизайнер және футуролог. "Шолпан" атты проекттің директоры және негізін салушы. Оның лекцияларының басым көпшілігі: дизайн, пассивті үйлер, тез дамушы қалалар, ресурсті-бағдарлаушы экономика, жалпыхалықтық автоматизация, кибернетикалық жаңа тенологиялар, ғылымның әлемдегі(әлеуметтегі) орны. Фресконың ойларының танымалдылығы 2008 жылы жарыққа шыққан "Заман рухы: Қосымша" атты киноға байланысты.
Өмірбаяны
Жак Фреско 1916 жылдың 13 наурыз күні дүниеге келген. Балалық шағы өзінің туып өскен жерінде, яғни Нью-йоркта өтті. Фреско мұндағы жалпыға білім беретін орта мектепте білім алған. Өзінің айтуы бойынша ол өзінің балалық кезінен-ақ глобалды ойлай білу керектігін түсінген. Оған аса үлкен септігін тигізген оның атасы еді. Сабақтардың бірінде Фреско АҚШ жалауына берілетін антты айтпаймын деп бас тартты.