Еуропадағы қоршаған орта жөніндегі үйлестіруші ақпараттық жүйе (корине) (Coordination of Information on the Environment)— 1985 ж. құрылған.
Қатысушылары
Қатысушылары — Еуропалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер.
Мақсаты
Мақсаты — қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату жөніндегі аймақтық желіні қалыптастыру; ұлттық бағдарламаларды үйлестіру, халықаралық ақпарат алмасуды жақсарту; анықтамалардағы, номенклатурадағы және жүйенің басқа элементтеріндегі келісімділікті қамтамасыз ету.
Негізгі қызметі
Негізгі қызметі — табиғат қорғау үшін маңызды мәні бар 6000 телімді және 13 мыңға жуық жоспарланған аумақтарды түгендеу; Еуропадағы мекен орта типтерін саралауды өткізу; кодтау және әдістеме жүйесін сипаттау; ақпараттық қызмет көрсету (мәліметтердің жалпы базасына қол жетуі, коршаған ортаның жекелеген құрамдастарын арнайы бағалау немесе зерттеу, табиғат қорғау саясатын қалыптастыру, ұлттық және аймақтык ауқымдарда әсерлерді модельдеу жөніндегі ұсыныстар); тіркелімдер, көрсеткіштер, каталогтар.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5