Елді қарулы қорғауды жүзеге асыру — агрессия жасапған жағдайда ел қорғанысын Қазақстан Республикасын қарулы қорғауды, мемлекеттің күллі әскери және экономикалық әлеуетін жұмылдыруды, азаматтық және аумақтык қорғанысты жүзеге асыруды, одақтас мемлекеттердің қарулы күштерімен бірлескен іс-қимылдарды көздейді.
Қазақстан Республикасы әскери қақтығыстардың алдын алу, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту ісінде:
- — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт шеңберінде, сондай-ақ екіжақты және көпжақты негізде;
- — аймақтық деңгейде — Орта Азия мемлекеттерімен, Азиядағы өзара ісқимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдер шеңберінде;
- — ғаламдық ауқымда — Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекеттермен халықаралық құкық нормалары негізінде ынтымақтасады.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл