Ежелгі Рим (лат.Roma antiqua) — ерте заманның бас өркениеттеренің бірі, өз атауын Ромулдың атымен аталған астанасының есімінен алды. Рим орталығы Капитоли мен Палатин, Квиринал қоршаған батпақты жазықтықта құрылды. Рим өркениетіне этрусктер мен көне гректердің мәдениеті үлкен ықпал етті. Көне Римнің күштілігінің шыңы, б. з. II ғасырына келді. Сонда оның қол астындағы жерлер солтүстігінде қазіргі Шотландиядан, оңтүстігінде Эфиопияға дейін, шығысында Армениядан, батыста Португалияға дейін созылды.