Дәуімшар Қуатұлы (1770–1810) — Байұлы тайпасы Адай руының Қырықмылтық бөлімінен шыққан батыр. Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ жерінің тұтастығын сақтауда көрсеткен ерлігімен, табандылығымен танылған.
Әкесі Құттықадам Тікенекұлы (1705–1798) қалмақтармен шайқасқа қатысқан. Орталық Үстіртте, Білеулі керуен сарайынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жерленген.
Дәуімшар батыр жөнінде нақты деректер аз. Х.Досмұхамедов өз еңбегінде оны Атағозы, Сүйінқара, Өтен, Нарынбай, Қүлбарақ, Жапарберді, Мыңбай, т.б. атақты батырлармен тең қояды. Халық арасында Дәуімшар батыр туралы Жемнің сол жақ жағалауында зерттеу жұмыстарын жүргізген экспедициялық отрядпен (кейбір мәліметтерде орыстар, енді бірінде ағылшындар) болған ұрыста қаза тапты деген аңыз бар. Шайқаста қаза тапқандардың барлығы, соның ішінде қарсыластарының басым күшінен сескеніп, шайқасқа қатысудан бас тартқаны үшін Дәуімшардың өз қолынан қаза тапқан. Құдабай батыр да сол жерге жерленіп, ол жер Дәуімшар қорымы аталып кеткен. Батырдың бейітіне қару мен ат бейнеленген құлпытас орнатылған. [1]
Дереккөздер
- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х