Дінмұхамед Қонаев бюсті |
Орналасуы |
Алматы қаласы
|
---|
Жоба авторы |
Т.С. Досмағанбетов, А.Б. Татаринов, сәулетшілер – А.Қ. Қапанов, Ш.Е. Уәлиханов, И.Я. Токарь, Б.В. Дмитриевский
|
---|
Түрі |
монументтік өнер құрылысы
|
---|
Құрылыс материалы |
гранит, қола
|
---|
|
Дінмұхамед Қонаев бюсті – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіштердің бірі.
Орналасқан жері
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр және Д. Қонаев көшелерінің қиылысы.
Авторлары
Мүсіншілер – Т.С. Досмағанбетов, А.Б. Татаринов, сәулетшілер – А.Қ. Қапанов, Ш.Е. Уәлиханов, И.Я. Токарь, Б.В. Дмитриевский.
Тарихи дерек
Елеулі мемлекет және саясат қайраткері, Қазақ КСР КП ОК-ның бірінші хатшысы, үш мәрте Кеңестік Еңбек ері (1972, 1976, 1982 жж.) Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне 1978 жылы қойылған бюст ескерткіш. Ол кездегі Кеңестік Еңбек Ері атағын екі мәрте беру туралы заңға сәйкес, ескетркіш Д.А. Қонаев тірі кезінде орнатылған.
Д.А. Қонаевтың өзі тұратын жерінен алыс емес жерде биік гранит стилобаттың ортасында төртбұрыш тұғырға қола бюсті қойылған. Костюмінің қайырмасына КСРО-дағы ең мәртебелі екі медаль қадалған.
Ескерткіш айналасындағы мәрмәр және гранит тақталар, маңғаз жасыл шыршалар, әдемі субұрқақтар мен гүл шоғырларының көптігі бұл жерді Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін керемет серуен орнына айналдырды.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9