Дэ́вид Се́лзник немесе Зельцник (David O. Selznick; 1902 ж. 10-мамыр — 1965 ж. 22-маусым) — Голливуд тарихындағы ең табысты продюсерлердің бірі, ХХ ғасыр ортасындағы «Кинг-Конг» (1933 ж.), «Жел ұшырған» (1939 ж.) жəне «Ребекка» (1940 ж.) секілді қайталанбас фильмдерді түсірген. Екі мəрте «Үздік фильм» номинациясында «Оскар» сыйлығымен марапатталған (осы номинацияда екі жыл қатарынан сыйлық алған бірден-бір продюссер).
Өмірбаяны
1923 жылы өзінің банкротқа ұшырағандығын жариялаған продюссер, Киевтен шыққан еврей ұлтының азаматы Льюис Селзниктің отбасында 1902 жылдың 10-мамырында дүниеге келген. 1926 жылдан бастап Л. Б. Майердің көмекшісі ретінде Голливудта жұмыс істеді. 1930 жылы оның қызы Ирен Глэдиске үйленді. Бір жылдан кейін «Paramount» студиясынан «RKO Pictures» кинокомпаниясына ауысты. Бұл кезеңде жабылуға жақын болған кинокомпанияны 1933 жылы түсірілген «Кинг-Конг» фильмінің жетістігі құтқарып қалып, оны алдыңғы қатарлы компанияға айналдырды.
Өмірінің келесі үш жылын (1933—1936 жылдар аралығы) Селзник «Metro-Goldwyn-Mayer» студиясының вице-президенті қызметінде өткізді. Продюсер ретінде тек анық тексерістен өткен ХІХ ғасыр классиктерінің шығармаларының экранизациясын түсірумен айналысты. Бұл кезеңге оның «Екі қала жайлы əңгіме», «Дэвид Копперфильд» жəне «Анна Каренина» секілді фильмдері жатады.
1936 жылы Селзник «Selznick International» атты өз кинокомпаниясын құрды. Үздік сатылым көрсеткен «Жел ұшырған» кітабының экранизациясын түсіру құқығын $50 000-ға сатып алды. Бұдан кейін үш жыл бойы Голливудтың даңқын асырған фильмді түсірумен айналысты. Фильм Селзникті танымал етіп қана қоймай, оның алғашқы «Оскар» сыйлығын əкелді (соған қарамастан фильмнің көрсетілімен түскен пайданың басым бөлігі оның қайын атасы Луис Барт Майердің қалтасына түсті).
1939 жылы Селзник жаңа жетістікке қол жеткізді, британдық режиссер А. Хичкокпен ұзақ мерзімді келісімге отырды. Үздік фильмге берілген «Оскар» сыйлығына қарамастан, 1940 жылы «Ребекка» фильмін түсіру кезінде продюсер мен режиссер арасында көптеген келіспеушіліктер болды. Мысалға, фильм соңындағы R əрпі үшін: Селзник жазудың күлден шыққан түтін бұлтында оқылғанын қаласа, Хичкок оның жастықта болуын талап етті. Хичкоктың қарсылығының нəтижесінде «Титаниктің» апаты жайлы фильмді түсіру ойы жүзеге аспай қалды. Нəтижесінде Селзник Хичкокты басқа студияларға «жалға» бере бастады, ал табылған пайдаға өз фильмдерін түсірді. Бұл фильмдерде басты рөлдерді негізінен оның жұбайы, актриса Дженнифер Джон ойнайтын.
1946 жылы Селзник «Жел ұшырған» фильмінің жетістігін қайталамақшы болып, «Күн астындағы жекпе-жек» вестернін түсірмекші болды. Осыдан екі жылдан кейін ішімдіктен пайда болған мəселелерге байланысты кино өнерін тастауға мəжбүр болды. «Қош, қаруым» романының экранизациясын түсіру құқығын сатып алғаннан кейін, 1957 жылы Селзник кино өндірісіне оралмақшы болады, алайда, кітаптың экранизациясы көрермеедердің көңілінен шықпады. Селзник жүрек жетіспеушілігінен 63 жасында дүниеден өтті жəне Глендейлдегі «Қасиетті жол» зиратында жерленді.
Дереккөздер