Дэвид Кит Линч (ағылш. David Lynch; 20 қаңтар, 1946, Мизула, Монтана, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, актер және суретші[1]. 2019 жылғы Америка киноакадемиясының құрметті сыйлығының, сондай-ақ «Канн кинофестивалінің» «Алтын пальма бұтағы» және «Венеция кинофестивалінің» Құрметті «Алтын арыстанының» иегері. Үздік режиссура үшін үш рет «Оскар» номинациясына ұсынылды. Линчтің режиссерлік стиліне тән белгілер - сюрреализм, түс көру тақырыптары және шындықтың иллюзиясы[2]. Оның фильмдеріндегі сюжет элементтерін түсіндіру қиын және әртүрлі түсіндірулерге мүмкіндік береді.
Фильмография
Жыл |
Қазақша аты |
Түпкі аты
|
1977 |
Өшіргішбас |
Eraserhead
|
1980 |
Піл Адам |
The Elephant Man
|
1984 |
Дюна |
Dune
|
1986 |
Көк Барқыт |
Blue Velvet
|
1990 |
Жабайы Жүрек |
Wild at Heart
|
1992 |
Твин Пикс:От, менімен бірге жүр |
Twin Peaks: Fire Walk with Me
|
1997 |
Жоғалған тас жол |
Lost Highway
|
1999 |
Тікелей оқиға |
The Straight Story
|
2001 |
Малхолланд Драйв |
Mulholland Drive
|
2006 |
Ішкі империя |
Inland Empire
|
Дереккөздер