Дэвид Кепп |
ағылш. David Koepp |
Кепп, 2022 жыл |
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған күні |
9 маусым 1963 (1963-06-09) (61 жас)
|
---|
Туған жері |
Певоки (ағыл.)қаз., Уокешо округі, Висконсин, Америка Құрама Штаттары
|
---|
Мамандығы |
сценарийші, режиссёр, фильм продюсері
|
---|
Білімі |
Калифорния университеті, Лос-Анжелес (1990)
|
---|
Белсенді жылдары |
1988–
|
---|
Бағыты |
триллер, ғылыми фантастика, комедия, атыс-шабыс, драма, криминал, суперқаһармандар, хоррор, авантюралық, фэнтези
|
---|
Марапаттары |
АҚШ сценарийшілері гильдиясының сыйлығы Үздік қойылым үшін Хьюго сыйлығы Үздік сценарий үшін Сатурн сыйлығы
|
---|
IMDb |
ID 0462895
|
---|
|
Дэвид Кепп (ағылш. David Koepp, [ˈdeɪvɪd kɛp]; 9 маусым 1963 жыл, Висконсин) — америкалық сценарийші, продюсер. Жалпы табысы 2.3 миллиард доллардан асатын ол — кассалық түсімдері бойынша АҚШ-тың ең табысты сценарийшілерінің жетіншісі.[1] Юра кезеңінің саябағы (1993), Карлито жолы (1993), Орындалмайтын міндет (1996), Өрмекші-адам (2002), Индиана Джонс және хрусталь бассүйек патшалығы (2008) сияқты фильмдер үшін белгілі.
Өмірбаяны
Жастық шағы және білімі
Кепп Висконсин штатының Певоки (ағыл.)қаз. қаласында билборд компаниясына иелік ететін Дональд Кепптің төрт баланың кенжесі ретінде дүниеге келген. Анасы терапевт болған.[2]
Бастапқыда актёр болу үшін алдымен Миннесота университетінде бір жыл, содан кейін Висконсин-Мэдисон университетінде екі жыл оқыды да, 1984 жылы Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің (UCLA) кино мектебіне оқуға түсті.[3][4][5] Ол 1990 жылы ол сол университетте кино саласында бакалавриат дәрежесін алды.[6]
Мансабы
Кепп 1988 жылы Мартин Донованмен бірге өзінің алғашқы «Пәтер нөл (ағыл.)қаз.» фильмінің сценарийін жазды. 1992 жылдан бастап ол атақты режиссер Стивен Спилбергпен (оның блокбастерлеріне сценарий жазды: «Юра дәуірінің саябағы» (Майкл Крихтонмен бірге I және II бөлімдері), «Әлемдер соғысы» және «Индиана Джонс және хрусталь бассүйек патшалығы»). Ол сонымен қатар Брайан Де Пальманың «Карлито жолы», «Миссия мүмкін емес» және «Жылан көздері» фильмдерінің сценарийшісі болды. Екінші толықметражды режиссерлік жұмысы Жерармедегі халықаралық фантастикалық кинофестивалінде (ағыл.)қаз. Гран-при алған «Жаңғырық дыбысы» фильмі болды.
Фильмографиясы
Дереккөздер
- ↑ Box Office Mojo - People Index (ағыл.). boxofficemojo.com. Мұрағат көшірмесі 26 маусымның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ David Koepp Biography (1963-) (ағыл.). filmreference.com. Тексерілді, 14 сәуір 2024.
- ↑ Dutka, Elaine Why Is This Man Smiling? : Movies: After navigating his way around scripts and moguls, David Koepp is on the A-list with ‘Paper,’ ‘Carlito’s’ and ‘Jurassic.’ (ағыл.). Los Angeles Times (29 March 1994). Тексерілді, 14 сәуір 2024.
- ↑ Өмірбаянның басы 5: 1990 жылдардағы сценарийшілерімен сұхбаттар = Backstory 5: Interviews with Screenwriters of the 1990s — Беркли, Калифорния: University of California Press. — Б. 74–76. — ISBN 9780520945470.
- ↑ Owen, David David Koepp Is a Very Nice Screenwriter, Really (ағыл.). The New Yorker (13 March 1994). Тексерілді, 14 сәуір 2024.
- ↑ Hueso, Noela Alumnus David Koepp writes big stories for the big (and small) screen (ағыл.). UCLA Newsroom (3 February 2022). Тексерілді, 14 сәуір 2024.