Достық ордені (Татарстан)

«Достық» ордені
Шынайы атауы тат. «Дуслык» ордены
Мемлекет  Ресей
 Татарстан
Түрі орден
үшін марапатталады «Татарстан Республикасының халықаралық беделін, Татарстан Республикасы мен шет мемлекеттер, Ресей Федерациясының басқа да субъектілері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы ерекше қызметтері үшін, экономикалық, сауда, ғылыми, техникалық, әлеуметтік, мәдени байланыстар мен өндірістік әлеует, Татарстан Республикасының гүлденуіне ықпал ететін тиімді инвестициялық, қайырымдылық және әлеуметтік қызметіндегі елеулі үлесі»
Жағдайы беріледі
Негізделді 25 сәуір 2015 жылы
Алғашқы иегері 19 тамыз 2015 жылы
Жоғары марапаты «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» ордені
Төменгі марапаты «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің медалі
Order "Duslyk" Ортаққорда

«Достық» ордені (тат. «Дуслык» ордены) — 2015 жылғы 25 сәуірде тағайындалған және Татарстан Республикасы Райысымен берілетін Татарстан Республикасының екінші маңызды мемлекеттік марапат.

Тарихы

«Достық» ордені Татарстан Республикасының 2015 жылғы 25 сәуірдегі Татарстан Республикасының мемлекеттік кеңесі қабылдаған, Татарстан Республикасының Президенті Р. Н. Миңнеханов қол қойған Татарстан Республикасының Заңымен белгіленді. Бұл марапат Татарстанның халықаралық экономикалық және аймақаралық ынтымақтастығын кеңейту, оның марапаттау жүйесін жетілдіру аясында республиканың екінші орденіне айналып құрылды. Орденнің сыртқы түрі президенттің 2015 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен белгіленді. Орден әрленімінің авторы — суретші Г.Л.Эйдинов болып келеді. № 1 нөміріндегі орденмен 2015 жылғы 19 тамыздағы Жарлығымен Татарстанның тұңғыш президенті М. Ш. Шәймиев марапатталды. 2020 жылға қарай орденмен 160-тан астам адам марапатталды. Марапаттау саясаты сұрақтар тудырады, соған сәйкес тиісті жарлықтар жарияланбайды, атап айтқанда, Шешенстан басшысы Р.А.Қадыровтың ұлы А.Р. Кадыров 15 жасқа толуына байланысты марапатталуы үлкен резонансқа ие болды.

Мәртебесі

«Достық» орденімен Ресей Федерациясының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар «Татарстан Республикасының халықаралық беделін, Татарстан Республикасы мен шет мемлекеттер, басқа да Ресей Федерациясының субъектілері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы ерекше қызметі үшін, экономикалық, сауда, ғылыми, техникалық, әлеуметтік, мәдени байланыстар мен өндірістік әлеуетті дамытуға қосқан елеулі үлесі, Татарстан Республикасының гүлденуіне ықпал ететін тиімді инвестициялық, қайырымдылық және қоғамдық қызметі үшін» марапатталады[1]. Орденнен жоғары тұратын марапат «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» ордені, ал төменгі марапат «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің медалі болып табылады. Орден кеуденің сол жағында, Ресей Федерациясы және КСРО ордендері менен медалдарынан, сондай-ақ «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінен кейін тағылады. Орден жолағы орденді күнделікті киюге арналған және орден жолағымен бірге орденді бір мезгілде киюге болмайды. Орден жолағы да кеуденің сол жағына тағылып, КСРО мен Ресей Федерациясының марапаттарынан кейін орналасады.

Орденмен марапаттау Татарстанның басқа да мемлекеттік марапаттары сияқты мемлекеттік марапаттар жөніндегі тиісті комиссияның шешімімен Татарстан Республикасы райысының қаулысымен жүзеге асырылады, марапаттау туралы ресми хабарландыру «Татарстан Республикасы» газетінде жарияланады[2]. Орденмен марапаттауды райыс немесе оның тапсырмасы бойынша тиісті салтанатты жағдайда басқа да лауазымды адамдар жасайды. Марапаттау қайтыс болғаннан кейін де берілуі мүмкін. Бұл ретте, сондай-ақ марапатталушының ұсынуға дейін қайтыс болуына байланысты, орден оның туыстарына естелік ретінде беріледі[3]. Орденмен марапатталған адамдарға 200 рубль мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлем, тұрғын үй және коммуналдық қызметтер құнының 50 пайызы, телефон байланысы, радио, ұжымдық антенна құнының 100 пайызы мөлшерінде көмекқаржылар, сондай-ақ тегін тіс және есту протездері беріледі[4].

Сипаттамасы

Орденнің артқы жағы

«Достық» орденінің белгісі 925 сынамалы күмістен жасалған және сәулелері бесбұрышты құрайтын сегізбұрышты алтын жалатылған жұлдыз болып келеді. Көлденең және тік сәулелер гүлді өрнекпен ерекшеленсе, қиғаш сәулелер жолақтарды бейнелейді. Қарама-қарсы сәулелер арасындағы қашықтық 52 миллиметрді құрайды. Белгінің бет жағында жұлдыздың ортасында дөңес алтындатылған қайымасы бар диаметрі 28 мм дөңгелек медальон орналастырылған, ол шеңбер бойына күміс алаңдағы қызғалдақ гүлдерінің суреті жиектелген. Көк эмалмен қапталған медальонның ортасында Қазан кіремілінің күмістен жасалып, стильдендірілген бейнесі орналасқан. Белгінің артқы жағында диаметрі 28 мм дөңгелек медальон бейнеленген, оның ортасында орденнің нөмірі басылған, ал шеңбер бойымен екі жазу жазылған: жоғарғы жағында татар тілінде — «ДУСЛЫК», төменгі жағында орыс тілінде — «ДРУЖБА». Артқы жағындағы сәулелер гүлді өрнектермен сырланған. Барлық суреттер мен жазулар бедерлі болып келеді.

Белгі құлақша мен шығыршық арқылы өлшемі 28-ден 50 мм-ге дейінгі тікбұрышты тағанға бекітіледі. Тағанның төменгі бөлігі көк жібек қатқыл таспасын өткізуге арналған құлақша және саңылауы бар бесбұрыш түрінде жасалған, оның ортасында Татарстан Республикасының мемлекеттік туының реңктеріне сәйкес: жасыл, ақ пенен қызыл болып келетін үш жолақ орналасқан. Таспаның ені – 28 миллиметр, жасыл және қызыл жолақтардың ені – 4 мм, ақ жолақтың ені – 1 мм. Орден жолағы таспаның түсіне ұқсас тысталып, өлшемі 10-нан 24 мм-ге дейінгі тікбұрышты тағанды құрайды. Таспаның ені 24 мм, жасыл және қызыл жолақтардың ені — 4 мм, ақ жолақтың ені — 1 мм.

Дереккөздер

  1. Закон Республики Татарстан от 10 октября 2011 г. № 74-ЗРТ «О государственных наградах Республики Татарстан» (с изменениями на 6 апреля 2023 года). Электронный фонд правовых и нормативно-технических документов.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 28 желтоқсан 2021.
  2. Эльфат Латыпов Нелегкий путь к награде. Газета «Республика Татарстан» (9 шілде 2005).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 19 желтоқсан 2021.
  3. Указ Президента Республики Татарстан от 13 июня 2018 г. № УП-424 «Об утверждении Положения о порядке вручения государственных наград Республики Татарстан» (с изменениями на 16 апреля 2020 года). Электронный фонд правовых и нормативно-технических документов.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 19 желтоқсан 2021.
  4. Закон Республики Татарстан от 8 декабря 2004 г. № 63-ЗРТ «Об адресной социальной поддержке населения в Республике Татарстан» (с изменениями на 22 июня 2021 года). Электронный фонд правовых и нормативно-технических документов.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 19 желтоқсан 2021.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!