Мур Джордж Эдуард (Moore, G(eorge) E(dward); 4 қараша 1873 жыл, Лондон -24 қазан 1958 жыл, Кембридж) — ағылшын философы, антикалық философияның негізін қалаушылардың бірі.[1]. Болашақ Кембридж университетінің (1998 - 1904) стипендиаты британдық философиядағы абсолютті иделизмді құлатуға әсер еткен «Природа суждения» (1899) және «Опровержение идеализма» (1903) атты екі ықпалды еңбек жариялады. Осы кезде тағы да өзінің негізгі «Principia Ethica» (1903) атты этикалық шығармасын басып шығарады, онда «жақсылық» деген тікелей танылатын қарапайым және саралау сапасына келмейтін категория болып табылатындығын дәлелдеді.
Мурдың интуитивизмі кейінгі 30 жылдың ішінде Британияда басым метаэтикалық орынға ие болды, суретшілер мен интеллектуалдардың Блумсберия үйірмесіне айтарлықтай әсер етті. Таным теориясында Мур «дұрыс мағына» философиясымен есте қалды, оған сәйкес адамдар идеалистік және скептикалық ілімдері (мысалы, «Жер көптеген ғасырлар бойы тіршілік етіп келеді») сәйкес келмейтін өзі туралы және әлем туралы көптеген ой-пікірлерді ақиқат деп санайды.
Жалпы, Мурдың пікірі бойынша, идеализм немесе скептицизмді қорғайтын бірде-бір дәлел дұрыс мағына тәрізді сенімді болмағандықтан, идеализм мен скептицизмді бірден жоққа шығару керек. Мур 1925-1939 жылдар аралығында Кембриджде философия профессоры болған. 1921-1947 жылдар аралығында Mind журналының бас редакторы болған.