Джордж Сантаяна |
George Santayana |
|
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).
|
---|
Қайтыс болған күні |
26 қыркүйек 1952 (1952-09-26)
|
---|
Қайтыс болған жері |
Рим, Италия
|
---|
Ұлты |
американдық
|
---|
Қызметі |
философ,жазушы, сыншыл реализм өкілі
|
Джордж Сантаяна (ағылш. George Santayana, ис. Jorge Agustín Nicolás Ruiz de Santayana испан аты Хорхе Агустин Николас Руис де Сантаяна; (16.12.1863,Мадрид — 26.09.1952,Рим) — шығу тегі испандық американ философы, жазушы, сыншыл реализм өкілі. Испандық азаматтығын өмір бойы сақтағанмен Сантаяна ағылшыншы жазып, АҚШ-та өсіп сол жерде білім алған, сол себепті американдық болып саналады.
Философиясы
Өмір философиясында иррационалдық бағытты ұстаған. Материалдық дүниенің объективті өмір сүруін мойындамай отырып, адам тек "мәнді" ғана, яғни танымдағы объектілердің белгісі болып көрінетін заттардың бар немесе туынды сапаларын тани алады дейді. "Мәнді" түсіну жағынан С.Платон мен Э. Гуссерльге жақындас. Сантаяна сананы эпифеномен деп: таным шындықты бейнелемейді, тек "азды-көпті мәні бар поэзия" деп қарайды. Эстетикада әсемдікке "объективтелінген ляззат" деген анықтама береді. Эстетикада "искейпизмді" (ағылышынша - бойын аулақ салу) жақтайды: бақытты рухтың тәннен, дүниеден, танымнан босануынан іздеу керек деп санайды. Социологияда ("Үстемдік пен өкімет", 1951) Сантаяна жаңа теория ұсынады, оның теориясы бойынша қоғамның дамуын өзін-өзі қорғап қалу, материалдық игілікке ұмытылу инстинктісі арқылы түсіндіріледі.
Саяси ілімде Сантаяна антидемократиялық "элиталық" өкіметін қолдайды. Діни дүмшелікті теріске шығара отырып, Сантаяна дінді "қоғамдық тәртіптің поэзиясы" деп мойындайды.
Шығармалары
- «The life of reason», 1905—1906
- «Scepticism and animal faith», 1923
- «The last puritan», 1935
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998