Джордж Мейсон

Мэйсон Джордж (Mason, George) (1725 жыл, Фэйрфакс графствосы, Вирджиния штаты, АҚШ — 7 қазан 1792 жыл, сол жерде) — тәуелсіздік үшін күрес дәуіріндегі американдық мемлекеттік қайраткер. [1].

Үлкен плантацияның иегері, Батыс отарларының экспансиясына белсенді түрде көмек көрсетті. [[1774 жыл[[ы көршісі Дж.Вашингтонға ағылшын тауарларын шетқақпайлауға шақырған «Фэйрфакс резолюциясы» жобасын (1774) жазуға көмектеседі. 1776 жылы Вирджиния штатының конституция жобасы мен Вирджиния құқықтарының декларациясын жазады, бұл Т.Джефферсонға қатты әсер етеді және үлгі ретінде басқа штаттарға қатысты қолданылады.

Вирджиния Делегаттары палатасының мүшесі (1776-88) болған Мэйсон Конституциялық Конвентке қатысады, бірақ АҚШ Конституциясына қол қоймайды, өйткені, орталық билік оны орасан зор және айқын емес үкіметке бөліп тұр деп санады.

Дереккөздер

  1. Britanica настольная энциоклопедия.Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT), ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель)

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!