Дербісалы батыр

Дербісалы (Деріпсалы) батыр Айдаболұлы (1707-1794 ) -- Арғын тайпасының Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан жоңғарлармен шайқасқан қазақ батыры.

Естелік

Батыр бабаның басына қойылған құлпытасы, Деріпсал ауылы

Батыр құрметіне Қарағанды облысы Шет ауданында өзі жерленген Деріпсал ауылына аты берілген. Ал балалары мен немерелерінің атымен Құттыбай, Қармыс, Шопа елді мекендері аталған. 2007 жылы батырдың туғанының үш жүз жыл толуына ас беріліп, кітап шығарылды. Ол кісінің қылышы әлі күнге дейін сақталған және ұрпақтарының қолында. Батыр атымен Шет ауданы орталығы Ақсу-Аюлыда бір көшенің аты берілген және сол көшеде 2018 жылы жазда Ескерткіш бюст қойылды.

Ауыз әдебиетте

  • ...Жекпе-жекте жауына дес бермеген,
  • Дебем-ай, жолбарыс ең сескенбеген...

Пірі жолбарыс болған. Ұрпақтарына әруақ болып қонып отырған. Соңғы рет аруағы Төлеуқызы Бағияға қонған және емші, көріпкел болуына септігін тигізген.

Семьясы

Ұрпақтары Қарқаралы уезінің Нұра болысында, кейіннен Шет ауданында.

Балалары:

  1. Марқабай:
  2. Еркебай:
  3. Серкебай:
  4. Қараш:
  5. Есен:
  6. Қармыс:
  7. Қыдырәлі: Жолбарыс, Иман
  8. Мүсірәлі: Нысанбай, Несіпбек, Өмірбек, Нұрбек

Әдебиеттер

  • Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011- 32-34 б.
  • Айдаболұлы Дербісалы батыр: тарихи танымдық оқу құралы. Қарағанды, 2013.- 230 б.

Сілтемелер

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!