Денудациялық жазық
[1]- тектоникалық қырат жерлерде денудациялық агенттер әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан тегістелген бет.
- Денудациялық процестердің уақытша немесе ұдайы ықпал етуінен пайда болады.
- Денудациялық процестер тектoникалық процестерден уақытша басым болғанда педиплен, ал ұзақ уақыт басымдық жасағанда пенеплен қалыптасады.
- Денудация деңгейі іргетас дөңі болатын дислокацияланған таужыныстардан (Қазақ қатпарлы алқабы) немесе көлбеуге жақын жатысты таужыныстардан (платформалық тыс) пайда болуы мүмкін. Бірінші жағдайда тұғырлық, ал екіншісінде қабаттық түрлерге бөлінеді.
Дереккөздер
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2