Дави́д Пьер Гетта́ (фр. David Pierre Guetta; 7 қараша 1967 жыл Париж (Франция) — франция диджейі және продюссер.[1]
Гетта Black Eyed Peas, Рианна, Эйкон, Крис Уиллис, Келли Роуленд, Lil' Wayne, Кайли Миноуг, Келис, Мадонна, Kid Cudi, Эстель, Fergie, K’naan, will.i.am, LMFAO, Flo Rida және apl.de.ap, 50 Cent сынды атақты әншілер, топтармен серіктес ең танымал музыкалық продюссердің бірі.[2]
Давид он жеті жасынан бастап Париждегі «Broad Club» түнгі клубында диджей болып жұмыс істей бастайды.[3] Алғашында әйгілі әндерді өңдеумен айналысады, бірақ 1987 жылдан бастап хаус жанрымен айналыса бастайды.[4]
Ол Gum Productions-тың ортақ құрылтайшысы, құрушысы болып саналады.
Сонымен қатар, Давид өзінің "Just a Little More Love" атты альбомын 2002 жылы жарыққа шығарды. 2004 жылы "Guetta Blaster" және 2007 жылы "Pop Life" британдық Тара Макдоналдтың қатысуымен 2 трек жазылуымен жарық көрді.
Давид 2009 жылы One Love атты альбомын шығарғаннан кейін үлкен атаққа ие бола бастады. Бұл альбом мынадай хит әндерден тұрды: "When Love Takes Over", "Gettin' Over You" және "Sexy Bitch". Бұлардың үшеуі де Ұлыбританияда бірінші орындарға ие болды. Сондай-ақ, "Memories" атты әні де бұл альбом тізіміне кірді. 2011 жылы Давид Геттаның атағын Nothing but the Beat альбомы да паш ете түсті. Бұл альбомда қазіргі кезде бүкіл әлемге таныс "Where Them Girls At", "Little Bad Girl", "Without You", "Titanium" және "Turn Me On" әндері бар. Бұл өлеңдерге жасалған өңдемелер, "каверлер" де бастан асады.
Давид бүкіл Әлем бойынша 9 миллионнан астам альбом және 30 миллион синглдер, яғни жеке әндер сатты. 2011 жылы ол "DJ Mag Top 100 DJs"-дағы жанкүйерлердің дауыс берулері бойынша DJ #1 атағына ие болды.
2013 жылы Давидтің "When Love Takes Over" -ын Билбоард номер бірінші поп-би істестігі деп таныды.
Давид Гетта 1967 жылы мороккалық еврей- әкесі мен Бельгиядан шыққан анасынан Парижде дүниеге келді. Давид Le Centrale, the Rex, Le Boy және Folies сияқты клубтарда өз өнерін көрсетті. 1994 жылы американдық хаус жанрындағы вокалшы Роберт Оуенспен бірге шығарған оның "Up & Away" атты екінші синглы кішігірім клубтарға арналып жазылған хит болды. 1994 жылы ол Le Palace атты түнгі клубтың менеджеры болып сайланып, сол мекемеде де, басқа клубтарда да әртүрлі сауық кештерін өткізе бастады. Солардың бірі Les Bains Douches-дағы "Scream" кеші.
Давид Гетта 1992 жылы улкен лауазымды, түнгі клуб менеджеры Кэти Лобеға 1992 жылы уйленді. Оларда ортақ 2 баласы бар: ұлы Тим Элвис Эрик (2004 жылдың 9 ақпанында туған) және қызы Энджи (2007 жылдың 23 қыркүйегінде дүниеге келген). 22 жыл отау құрғаннан кейін бұл жұп 2014 жылдың наурызында Париж сотында айырылысуға арыз жазды. Олар қазірге дейін $30,000,000 - лық дәулеттің бөлінуі туралы таласқа түсуде.
Дереккөздер
- ↑ ACE Title Search - Works written by: GUETTA PIERRE DAVID. ASCAP. Тексерілді, 12 тамыз 2011.
- ↑ Otter, Charlotte Music Week – Music Week – Music business magazine – F*** Me I'm Famous goes global. Music Week (22 қазан 2010). Тексерілді, 23 қазан 2010.
- ↑ David Guetta: the man taking dance music into the US charts – The Guardian 1 маусым 2010
- ↑ Loben, Carl DJ Mag Top 100 DJs. DJ Mag. Тексерілді, 13 ақпан 2012.
Сыртқы сілтемелер