Геометриялық орын — нүктелердің, түзу сызықтардың, т. б. жиындарын белгілеу үшін пайдаланатын ғылыми атау (термин). Нүктелердің кейбір геометриялық орындары мыналар:
- Берілген ("O") нүктесінен бірдей R қашықтықта жататын нүктелердің геометриялық орны — шеңбер.
- A және B нүктелерінен бірдей қашықтықта жатқан нүктелердің геометриялық орны — AB кесіндісінің ортасынан өтетін перпендикуляр.
- Берілген түзу сызықтан h қашықтықта жататын нүктелердің геометриялық орны — параллел түзу сызық.
- Өзара қиылысушы екі түзуден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің геометриялық орны — бұрыштың биссектрисасы.</math>[1]
Дереккөздер
- ↑ "Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009