Геологиялық термометрия

Геологиялық термометрия – геологиялық процестер температурасын анықтайтын тәсілдер жиынтығы. Геологиялық термометрия магманың суыныуы, рудалы кен орындарының қалыптасуы, жеке минералдардың кристалдануы сияқты мәселелерді қамтиды. Термометриялық зерттеулерде геологиялық термометрия мен минералогиялық термометрия әдістері қолданылады. геологиялық термометрияның тура және жанама әдістері болады. Оның тура әдістеріне лава, газ фумаролдары, жылы бұлақ температурасын анықтау; тау жыныстарын балқыту нәтижесінде алынған деректерді, интрузиядағы бөгде жыныстың балқу және метаморфизмге шалыну процестерімен салыстыру әдісі жатады. Жанама әдістіеріне магманың температурасын оған түскен бөгде жыныстың балқу дәрежесі мен магмаға жапсарлас көмір қабаттарының кокске айналуына қарап шамалау, интрузивтік және метаморфтық жыныстар фазаларының тепе-теңдік қатынастары мен жер бетіндегі тұздың шөгуі, үгілуі т.б. сияқты экзогендік процесс температураларын өлшеу жатады. Минералогиялық термометрия температураны минералдар құрамындағы газ, сұйық және қатты кірмелерді зерттеу арқылы анықтайды.


Дереккөздер

Қазақ Эцклопедиясы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!