Генри Стюарт, Дарнли лорды

Генри Стюарт
Henry Stuart
Генри Стюарт, Дарнли лорды
Лауазымы
Шотландияның король-консорты
29 шілде 156510 ақпан 1567
Ізашары II Франсуа, Франция королі
Ізбасары Джеймс Хепберн, 4-Ботвелл графы (бейресми)
Олбани герцогы және Росс графы
1565 — 1567
Өмірбаяны
Діні католицизм
Дүниеге келуі 7 желтоқсан 1545 (1545-12-07)
Лидс, Йоркшир, Англия
Қайтыс болуы 10 ақпан 1567 (1567-02-10) (21 жас)
Эдинбург, Шотландия
Жерленді Холируд аббаттығы
Династия Стюарттар
Әкесі Мэтью Стюарт, 4-Леннокс графы
Анасы Маргарита Дуглас
Жұбайы Мария Стюарт
Балалары Джеймс, Шотландия мен Англия королі

Генри Стюарт, Дарнли лорды, Олбани герцогы және Росс графы (ағылш. Henry Stuart, Lord Darnley; 7 желтоқсан 154510 ақпан 1567) — Шотландия королевасы Мария Стюарттың күйеуі, Шотландия мен Англия королі I(IV) Джеймстің әкесі.

Өмірбаяны

Генри — Мэтью Стюарт, 4-Леннокс графы мен Маргарита Дугластың ұлы. Әкесі жағынан Генри Стюарт әулетінен шыққан патшалардан тарайды, ал анасы жағынан Англия королі VII Генринің шөбересі.

Жастық шағында анасымен Англияда (туған жерінде) тұрды, бірақ 1565 жылдың басында, 19 жастағы Генри Стюарт Шотландиядағы әкесіне келді. Алғашқы кездесуден-ақ ұзын, сымбатты және сәнді ханзада жас шотландық королева Мария Стюартқа әсер етті. Мүмкін, Стефан Цвейгтың пайымдауынша, ол Мария балалық шағында өткізген таңдамалы француз сарайын еске салып, шотланд ақсүйектерінің қатал әдет-ғұрпына қайшы келді. Қайткенде де, 1565 жылғы 29 шілдеде Шотландия королевасы мен лорд Дарнлидің үйлену тойы өтті. Үйлену тойы католик әулетіне сәйкес, холирудтық Мария капелласында болды. Дарнли ресми түрде католик шіркеуіне жатты, бірақ о да күшті діни сенімі болған жоқ.

Бұл неке, бір жағынан, екі ең жақын үміткерлердің ағылшын тағында қосылуынан қорыққан ағылшын патшайымы I Елизабеттің наразылығын туғызды. Өш алу мақсатында, Елизабет Дарнлидің анасы Маргарита Дугласты тұтқындап, Тауэрге тастады. Екінші жағынан, асығыс неке және Англиямен жақындасу үміттерінің құлдырауы сол уақытқа дейін елдің саясатын белгілеп отырған алдыңғы қатардағы шотландтық мемлекеттік қайраткерлер — Морей графы Джеймс Стюарт және Уильям Мейтландтың қызметтен кетуіне әкелді. 1565 жылғы жазда Морейдің көтерілісі королдік әскермен тез арада басылды.

Генри мен Мария Стюарттың үйленуі сәтсіз болды. Лорд Дарнли мемлекеттік күйеудің кепілдігіне ие болмасада, өте қарапайым адам бола отырып, патшалықта бірінші орынға үміттенді. Көңілі қалған Мария күйеуіне биліктің үлесін бергісі келмеді. Көбіне шетелдіктерге, соның ішінде, жеке хатшысы Дәуіт Риччиоға сеніп, королева біртіндеп күйеуінен алшақтай бастады. Ашулы Дарнли сарайдағы католик тармағының жалғасуына қанағаттанбаған Мортон графы басқарған протестанттармен жақындасты. Нәтижесінде патшайымға қарсы астыртын сөз байласу ұйымдастырылды. 1566 жылғы 9 наурызда бүлікшілер Мария Стюарттың бөлмесіне кіріп, жүкті ханшайымның көз алдында Дәуіт Риччоны айуандықпен өлтірді.

Кісі өлтіруге қарамастан, астыртын әрекет тұтастай сәтсіз болды. Мария бүлікшілердің қатарын бөліп, күйеуімен татуласты. Жауап ретінде Дарнлидің сатқындығы ашуланған Мортон графы, ханзаданың Риччоны өлтіруге қатысынын растайтын құжаттарды жіберді. Тіпті, бұл дәлелдерсіз-ақ ерлі-зайыптылар арасындағы алшақтық айқын байқалды. Генри Глазгода тұрып, ұлы, болашақ патша VI Джеймстің туғанын елемеді. Мария, сол уақытта, жарқын және жігерлі Ботвелл графы Джеймс Хепбернді ұнатып қалды. Мария мен Генридің ажырасуы туралы қауесеттер тарады. Алайда, ажырасу ұлын заңсыз дегенді білдірер еді, ал патшайым бұған жол бере алмады.

Нәтижесінде, 1567 жылдың басында Дарнли мен Мария Стюартқа қарсы астыртын әрекеттер құрылды. Бір жағынан, Дарнлиді жою патшайымға үйленгісі келетін Ботвеллдің басты міндеті болды. Екінші жағынан, Риччоны өлтірудегі серіктестерін сатқаннан кейін, король-консорт Мортонның және протестанттардың жауы болды. Оларға Дарнлидің өлімі Мария патшайымды құлатудың тәсілі деп санаған Морей графының тобы қосылды (Дарнлидің өзі де әйеліне қарсы жоспар ойластырды деген нұсқа да бар). Осы топтардың қайсысы ханзадаға қастандық ұйымдастырғаны белгісіз. Алайда, 1567 жылғы 9–10 ақпан қараған түні Дарнли тоқтаған Кирк-О'Филдедегі оқ-дәрілі бөшкеге толы үй жарылды. Үйдің бақшасында жанып тұрған үйден қашып құтылуға тырысқан кезде өлтірілген ханзаданың денесі табылды.

Халықтың патшайымды Дарнлидың өлімімен айыптаған қауесеті, 1567 жылдың соңында Мария Стюартты құлатуға бағытталған алғашқы қадам болды.

Дереккөздер

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!