Мур Генри (Moore, Henry) (30 шілде 1898, Кэстлфорд, Англия - 31 тамыз 1986 жыл, Мач Хедхем), ағылшындық мүсінші және график.[1]. Шахтёрдің ұлы, Бірінші дүниежүзілік соғыста жараланғаннан кейін оңалту грантының арқасында Корольдік өнер колледжінде оқу мүмкіндігі пайда болды. Оның алғашқы шығармаларына париж мұражайынан көрген майя мүсіндері қатты әсер етті.
1931 жылдан бастап абстрактілі пішіндерді адамзат кескінімен біріктіріп, кейде адамзат кесінінен бас тартып абстрактілі өнер саласында эксперимент жасады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде материалдарға қол жеткізу мүмкін емес болғанда, метро стансаларындағы бомбапаналарында тығылып жүрген лондондықтардың суретін салумен айналыса бастады.
Қолында сәбиі бар Мадоннаның және отбасы топтарының бейнесін салуға тапсырыс алғаннан кейін, оның абстрактілі стилі адамзат бағытына қарай өзгереді, бұл оны әлемге әйгілі етеді.
1950 жылдары қырлы, қапталған саңылаулары бар қола пішіндерін бейнелеу эскпериментіне оралды. Оның көптеген еңбектері монументті, ол жантайып жатқан ню топтамасымен, әсіресе танымал. Оның ірі тапсырыстарының ішінде Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінің (1857-58), Линкольн орталығының (1963-65) және Ұлттық галерея өнерінің мүсіндері (1978) бар.
Дереккөздер
- ↑ "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)