Генри Брукс Адамс (16 ақпан 1838 — 27 наурыз 1918) – американдық жазушы және тарихшы. Жақсы танымал кітабы «Генри Адамстың тәрбиесі».
Жастық шағы
Бостон аласында дүниеге келген. Әкесі – Чарльз Фрэнсис Адамс (1807—1886) және анасы – Абигейл Брукс (1808—1889). Бұлардың отбасынан АҚШ-тың екі президенті шыққан. Арғы атасы Джон Адамс АҚШ-тың екінші президенті, ал атасы Джон Куинси Адамс — алтыншы президент болған.
1860 жылы күзде АҚШ-қа оралған соң Генри Адамс конгрессмен әкесінің хатшысы болады. Азамат соғысы қарсаңында 1861 жылы 19 наурызда АҚШ президенті Линкольн Чарльз Фрэнсис Адамсты Англияға елші етіп жібереді. Әкесінің жанында оның жеке хатшысы ретінде Лондонға барады. Сонымен қатар ол «Нью-Йорк Таймс» газетінің құпия тілшісі болады.
Тарихшы және зияткер
1868 жылы АҚШ-қа келген соң Колумбия аймағы, Вашингтонға көшеді. Осы кезден бастап журналист болып қызмет атқарады. 1872 жылы 27 маусымда Бостон қаласында Кловер Хоперге үйленеді. Олар бал айын Еуропада өткізеді. Ол Вашингтонда журналист және тарихшы болып қызмет атқарады. Тарихшы ретінде «Джефферсон мен Медисон билігі кезінде АҚШ-тың тарихы» атты тоғыз томдық жұмысынан кейін танымал болады.
1880 жылы Адамс 2 роман жазады. «Демократия» (1880), онда Ақ үйдің шынайы өмірі мен вашингтондық билеушілердің жемқорлығы жайында жазған. Ал екіншісі – «Эстер» (1884).
Термодинамиканың екінші заңы
Дереккөздер
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!