Вашингтон метрополитені (ағылш.Washington Metro) — Вашингтон агломерациясындағыметрополитеннің желілер жүйесі. АҚШ-та жүктелгені жағынан Нью-Йорк метросынан кейін екінші орындағы және үлкендігі жағынан Нью-Йорк және Чикаго метросынан кейін үшінші орындағы метрополитен. Вашингтон метросы 189,6 километр теміржолдан, 6 метро желісінен және 91 метро бекетінен тұрады. 2019 жылғы мәлімет бойынша күніне шамамен 626,000[1][2], ал жылына 182,000,000[1] адам Вашингтон метросын қолданады. Вашингтон метросы 27 наурыз1976 жылы ашылды.
Сипаттамасы
Вашингтон метрополитен желілері Вирджиния және Мэриленд деген екі штаттан және Колумбия округінен өтеді. Күн сайынғы жолаушылар саны 626,000 адамды құрайды (2019), ал вагондар паркі 950 вагонды құрайды. Пойыздар негізінен ақырын жүреді — орташа жылдамдығы 40 км/сағ.
Қазіргі таңда Вашингтон метросы 6 желіден құралған:
Washington Metro lines
Желі атауы
Ашылды
Бекеттер
Ұзындығы
миль
километр
Қызыл желі
1976
27
31.9
51.3
Көк желі
1977
27
30.3
48.8
Қызғылт сары желі
1978
26
26.4
42.5
Сары желі
1983
21
15.07
24.25
Жасыл желі
1991
21
23.04
37.08
Күміс желі
2014
28
29.6
47.6
Бекеттер
Метро-Сентер бекеті бірден төрт желінің қиылысында орналасқан (Қызыл, Көк, Қызғылт сары, Күміс). Бұл бекет Вашингтон метрополитенінің ең алғашқы бес бекетінің бірі.
Вашингтон қаласының орталығында ғана бекеттер терең орналасқан. Метро пойыздарының көбісі жерүстімен жүреді.
Желілер
Қызыл желі
Ең жүктелген желі. 29 наурыз1976 жылы ашылды, 27 бекеттен құралған. Мэриленд штатындағы Монтгомери (Montgomery County) округінен шығып, қаланың орталық бөлігінде жүріп, қайтадан Монтгомериге оралады. Бұл басқа желілермен ортақ аумағы жоқ жалғыз желі. Қарбалас уақытта 44 пойыз қолданады (10 сегізвагондық және 34 алтывагондық пойыз).[3][4]
Фэрфакс округінен шығып, Виргиниядағы Александриядан өтіп, Қызғылт сары желісенің бойымен Принс-Джорджеске қарай Вашингтон арқылы өтеді. Бұл желі 1 шілде1977 жылы ашылды, 27 бекеттен тұрады, оның тек 8-і басқа желілермен ортақтаспаған. Қарбалас уақытта 23 алтывагондық пойыздарды қолданады. 22 қараша1980 жылы Эдисон-Роудқа қарай үш бекетке созылды. Желігі әуежайға дейін созужұмыстары 15 маусым1991 жылы Ван-Дорн-стрит бекетінің ашылуымен басталды. 18 желтоқсан2004 жылМэрилендте екі жаңа бекеттер ашылды — Морган-Булевард және Ларго-таун-сентер.
Smithsonian бекеті
Eastern Market бекетіне кіру
Largo Town Center бекеті
Van Dorn Street бекеті
Қызғылт сары желі
Виргиния штатындағы Фэрфакс (Fairfax County) округінен Арлингтон (Arlington County) округі арқылы, Вашингтонның орталығы арқылы, сосын Мэриленд штатындағы Принс-Джорджес (Prince George’s County) округі арқылы өтеді. 20 қараша1978 жылы ашылды, 26 бекеттен тұрады. Осы бекеттердің жартысы Көк желімен, ал үштен бір бөлігі Күміс желімен ортақтасқан. Қарбалас уақытта бұл желі 9 сегізвагондық, 21 алтывагондық пойыз қолданады.
Landover бекеті
New Carrollton бекеті
Federal Triangle бекеті
West Falls Church бекетіндегі пойыз
Сары желі
Көк желісінің бойымен орналасқан. Пентагоннан басталып, Потомак өзенінің арғы жағына Фенвик көпірі арқылы өтіп, қаланың іскери бөлігінде аяқталады. 30 сәуір1983 жылы ашылды, 17 бекеттен тұрады. Қарбалас уақытта 10 алтывагондық пойыз қолданады.
Braddock Road бекеті
Pentagon City бекеті
Huntington бекеті
U Street/African-American Civil War Memorial/Cardozo бекетінің жерасты жолы
Жасыл желі
Бұл желі Мэриленд штатындағы Принс-Джорджес округі арқылы және Колумбия округі арқылы өтеді. 11 мамыр1991 жылы ашылды, 21 бекеттен тұрады. Қарбалас уақытта 19 пойыз қолданады (10 сегізвагондық, 9 алтывагондық).[5][6]Сары желісімен ортақ 6 бекеті бар (қарбалас уақытында бұл бекеттердің барлығын, ал қалған уақытта тек төртеуін қолданады), жәнеде Қызғылт сары желісімен бір, Қызыл желісімен екі ортақ бекеті бар.
Greenbelt бекеті
Anacostia бекеті
West Hyattsville бекеті
Күміс желі
Виргиния штатындағы Фэрфакс (Fairfax County) округінен Арлингтон (Arlington County) округі арқылы, Вашингтонның орталығы арқылы, сосын Мэриленд штатындағы Принс-Джорджес (Prince George’s County) округі арқылы өтеді. Күміс желісі, бұл Вашингтон метросының ең соңғы алтыншы желісі. Жолаушылар үшін 26 шілде2014 жылы ашылды, 28 бекеттен тұрады.
Даму болашағы
Күміс желі
Бұл желіні 6 бекетке және 18,5 километрға созу жұмыстары жүріп жатыр, оны 2020 жылы ашу жоспарланып отыр. Жаңа желі Даллас Халықаралық Әуежайы мен Лаудон округіне қызмет көрсетеді.[7]
Потомак Ярд
2008 жылы Потомак Ярд аймағында бекет салу туралы зерттеу жұмыстары басталды. Бұл жоба әлі жоспарлану үстінде.[8]
Қауіпсіздік
13 шілде2009 жылы WMATA метро машинисттеріне және автобус жүргізушілеріне телефон құрылғыларын және басқа да портативті құрылғыларды қолдануда қатаң шараларды қабылдады. Бұл жаңа ереже АҚШ-тағы бірнеше үлкен апаттарды тергеуден кейін қабылданды. Өйткені бұл апаттардың көпшілігі осы портативті құрылғылардың кесірінен орын алған. Бұл өзгеріс жолаушылардың біреуі машинистің телефонда жазу теріп отырғанын бейне баянға жазып алғаннан кейін бір өткен соң қабылданды.[9]
Жолаушылар саны
2012 жылдың шілде айының мәліметі бойынша жұмыс күні жолаушылар саны шамамен 744,918.[10] Ең жүктелген бекет ол Қызыл желісіндегі Юнион-стейшн (Union Station) бекеті. Бұл бекетте күніне орташа есеппен 33,250 жолаушы болады. Ал ең аз жүктелген бекет ол Қызғылт сары желісіндегі Шеверли (Cheverly station) бекеті. Бұл бекетте күніне орташа есеппен 1546 жолаушы болады.
Ең үлкен жүктеліс 20 қаңтар2009 жылы тіркелді, 1 120 000 жолаушы. Бұл күні Барак Обаманыңинаугурациясы өтті. Жолаушылар саны бойынша рекорд бір күн алдын болды, 866 681 жолаушы.[11] Кейбір рекордтар 2008 жылдың шілде айында орнады: рекордты айлық жолаушылар саны — 19 729 641, апта бойынша орташа күндік жолаушылар саны — 772 826.
Жол ақысын төлеу
Метрополитенде жол ақысының құны жүретін жолдың қашықтығы мен тәулік уақытына қарайды. Кәдімгі уақытта (жұмыс күндері ашылған уақыттан бастап 9:30-ға дейін және 15:00-тен 19:00-ге дейін, сондай-ақ жұма және сенбі күндері 2:00-ден жабылған уақытқа дейін жүретін жолдың қашықтығына байланысты жол ақысының құны $2.10-тен $ 5.75-ке дейін). Басқа уақыттарда жолдың қашықтығына байланысты жол ақысы $ 1.70-тен $ 3.50-ке дейін. 4 жасқа дейінгі балаларға тегін, бірақ бір ересек адамға тек екі 4 жасқа дейінгі баланы тегін жүргізуге болады. Мүгедек адамдар мен қарт кісілерге жеңілдік қарастырылған.[12] Федералды мейрам күндері жол ақысы арзандайды, тек жолаушылар күрт көбейетін мейрам күндері емес, мысалы, Колумб күні, Ардагерлер күні, Мартин Лютер Кинг күні дәне Президент күні.[13]
Жылжымалы құрам
Жылжымалы құрам 1126 вагоннан тұрады, әрқайсысының ұзындығы 23 метр.[14] Пойыздардың максималды жылдамдығы 95 км/сағ, ал орташа жылдамдығы 53 км/сағ.[15][16] Қарбалас уақытта 850 вагон қолданылады, оның 814-і белсенді қызмет көрсетеді, ал 36-сы қосалқы. Қосалқы вагондар техникалық ақаулар кезінде қолданылады.[17]
Пойыздар алты вагоннан құралған, бірақ Қызыл, Жасыл, Қызғылт сары желілерінде қарбалас уақытында вагондар саны сегізге дейін өсуі мүмкін. Пойыздар келуінің арасындағы уақыт қарбалас уақытында — 6 минут (Қызыл желіде — 5 минут), кешкі уақытта — 20 минут (Қызыл желіде — 15 минут), кәдімгі уақытта — 12 минут.
Галерея
Метро бекетінің қабырғасының типтік дизайны
Wheaton бекетінің эскалаторы
Жаңбырлы күнде Silver Spring бекетінің платформасы