Ұлы Отан соғысына қатысқан. Быковтың шығармашылық негізінен соғыс тақырыбына арналған. “Адамның өлімі” (1967), “Жиырмасыншы” (1958), “Тырналар үні” (1960), “Үшінші ракета” (1962), “Өлгендер ауырсынбайды” (1966), “Сотников” (1970), “Қайғының белгісі” (1982), т.б. шығармалары жарық көрген. Отан қорғау, жауынгер тағдыры, батырлық және соғыс азабы Быковтың шығармаларының негізгі арқауын құрайды. “Альпі балладасы” (1964) атты повесінде соғыс жылдарындағы екі жастың махаббатын астастыра суреттеп, трагизмі үндескен ерекше поэтикалық шешім табады. Быковтың соңғы жылдары “Катюша” (1999), “Политрук Коломиев” (1999) атты шығармалары жарық көрген.
КСРО Мемлекет сыйлығы (1973), Лениндік сыйлығы (1986), Халықаралық Әдебиет қоры сыйлық лауреаты (1997).[1]