Василий Васильевич Латышев

Василий Васильевич Латышев (1855 жыл 10 тамыз - 1921 жыл 2 мамыр) - орыстың филолог-классигі, эпиграфист және тарихшы. Петербург ғылым академиясының академигі (1893).

Еңбек жолы

1876 жылы Петербург тарих-филология институтын бітірді. 1903-1918 жылдары осы институттың директоры. Латышевтың көптеген еңбектері ішінде: «Солтүстік Қара теңіз маңынан табылған көне жазулар жинағына нақты түсініктеме» және «Ежелгі грек, латын жазушыларының Скифия мен Кавказ туралы хабарламасы» атты еңбегінің маңызы зор. Ол ежелгі тарихтың түрлі мәселелеріне, этнографиясына, Византия агиографиясына т.б. арнап бірқатар кітап пен көптеген мақала жазды. Ол 1900 жылдан Археологиялық комиссияның жұмысына белсене қатысты, «Известия археологической комиссии» атты журналды ұйымдастырушы және оның тұрақты редакторы болды.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!