Бұратаналарды басқару туралы жарғы

Бұратаналарды басқару туралы жарғыРесей империясының Сібір өлкесінің байырғы халықтарын басқару жөніндегі заң актісі. 1822 жылы 22 шілдеде қабылданған. Жарғының жобасын М.М. Сперанский жасаған.

Ресей империясының отаршылдық саясатын көздеген бұл құжат Сібірдің орыстан басқа халықтарын “бұратана” деп кемсітіп, оларды кезбелер, көшпелілер және отырықшылар деп 3 топқа жіктеді. Жарғы бойынша кезбе халықтар (орочтар, алеуттер, т.б.) арасында қалыптасқан рулық және тайпалық қарым-қатынас сақталып, отырықшы халықтарға (татарлар, т.б.) орыс мемлекетіндегі шаруаларды басқару жүйесі қолданылды, ал көшпелі “бұратаналарды” (буряттар, сахалар, вогулдар, т.б.) билеп-төстеу үшін рулық басқармалар (әрбір ру не ұлыстың елді мекенінде ең кемі 15 үй болса), бұратаналар басқармалары (оған бірнеше ұлыстың не бір рудың бірнеше елді мекені кірген) құрылды. Жарғы Ресей патшалығының шапқыншылығына ұшырап, бодандығына кірген Сібірдің байырғы халықтарын отарлық қанаудың құралына айналды.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ энцклопедиясы II том


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!