Бурж әл-Араб (араб.: برج العرب, Араб мұнарасы) — Біріккен Араб Әмірлігінің ең үлкен қаласы Дубайдағы керемет қонақ үй. 321 метрлік мұнара Джумейра жағалауынан 280 м арақашықтықта көпірмен байланысқан жасанды аралда орналасқан. Ғимараттың пішіні қайық желкеніне ұқсайды. Бурж әл-Арабты кейде «әлемдегі жалғыз Жеті жұлдызды қонақ үй» деп те атайды.
Жобасы мен құрылысы
Бурж әл-Арабты сәулетші Том Райт жобалады. Жобалау мен құрылыс жұмыстарын канадалық инженер Григория Рик басқарды. Арал құрылысы 1994 ж басталды. Ғимарат араб қайығы доудың желкеніне ұқсас түрде соғылды. Екі "қанат" V пішіндес матчта арқылы жабылды, ал оның ішінен үлкен атриум пайда болды.
Жобаның сәулетшісі мен инженер кеңесшісі Аткинс компаниясынан болды. Құрылыс алдындағы жұмыс пен құрылыс кезіндегі жұмысты бірге атқарған бас серіктес Жаңа Зеландиялық Fletcher Construction кәсіпорны болды.[3] Қонақ үй құрылысын Оңтүстік Африкалық мердігер компания Murray & Roberts және Al Habtoor Engineering жүргізді.[4]
Қонақ үйдің кейбір ерекшеліктері күрделі батыл инженерлік шешімдердің табуы. Қонақ үй жағалаудан 280 метр қашықтықта жасанды аралда орналасты. Іргесі мықты болу үшін тереңдігі қырық метр құрайтын 230 қада құмға қағылды.[5]
Инженерлер арнайы эрозиядан қорғайтын төртбұрышты араның ұясына ұқсас тастар ойлап тапты. Олар болашақ аралдың іргесі болды. Жасанды аралды жасау үшін үш жыл кетті. Қонақ үй құрылысына да осындай уақыт кетті. Ғимараттағы бетонның көлемі 70,000 м³, болаттың салмағы 9 000 тонна құрады.[5]
Ғимарат ішіндегі атриум биікітігі 180 метрге дейін жетті.
Бурж әл-Араб биіктігі жағынан әлемде төртінші орын алады. Тағы бір Дубайда орналасқан Раушан қонақ үйі Бурж әл-Арабтан 11 м биік.
Апартаменттері мен номерлері
Қонақ үйді Jumeirah Group басқарады. Өзінің көлеміне қарамастан Бурж әл-Арабта тек 202 қонақ үй номерлері бар. Ең кіші бөлме ауданы 169 м², ал үлкені 780 м² ауданды алып жатыр. Бөлмелер қарама қарсы шығыс пен батыста орналасқан. Барлық бөлмелерде теңізге көрініс ашатын үлкен терезелері болды.[6]
Патша бөлмесіндегі бір күндік түнеудің бағасы 18,716 долларды құрап отыр. 2012 жылғы CNN Go-дің жасаған сарабы бойынша Әлемдегі қонақ үй номерлері ең қымбат 15 мейманхананың 12 орнын алды.[7]
Мейрамханалар
Әл-Мунтаха (арабша "ең биік") Парсы шығанағынан Дубайға тамаша көрініс ашылатын 200 метр биіктікте орналасқан мейрамхана. Ол консольды арқалық арқылы ғимараттан 27 метрге дейін шығып тұрады. Оған панорамды лифт арқылы көтерілуге болады.
Сүңгуір қайық секілді кемемен тағы Әл-Махара (устрица) мейрамханасына жетуге болады. Мұнда 990,000 л теңіз суын сыйдыра алатын аквариум бар. Судың қысымын ұстап тұру үшін бакты акрилді әйнектен жасаған. Оның қалыңдығы 18 см.
Рейтингі
Мейманхана Бес Жұлдызды Делюкс ретінде ресми түрде мойындалады. Бірақ та кейде оны "әлемдегі жалғыз Жеті Жұлдызды қонақ үй" ретінде сипаттайды. Қонақ үй басшылығы мұндай титулды өзіміз ешқашан шығарған жоқпыз дейді. Jumeirah тобының ойы бойынша алдын-ала ашылу рәсіміне қатысқан британдық журналист осы атақты қойды деп ойлайды. Ол өзінің Бурж әл-Араб мақаласында "Жоғарыда айтып өткендей мен мұндай қонақ үйді көрген емеспін және бұл Жеті Жұлдызды қонақ үй деп аталады" деп сипаттаған.[8]
Дереккөздер
↑Burj Al Arab. Encyclopedia of Things. Glasssteelandstone (3 қаңтар 2011). Тексерілді, 3 қаңтар 2011.