Британ аралдары

Британ аралдары
ағылш. British Isles
Еуропа картасындағы Британ аралдары
Еуропа картасындағы Британ аралдары
Сипаттамасы
Аралдар саны5000-ға жуық
Ірі аралыҰлыбритания
Жалпы ауданы315 100 км²
Ең биік нүктесі1343 м
Тұрғындар (2011 жыл)67 800 000 адам
Халық тығыздығы215,17 адам/км²
Орналасуы
54° с. е. 5° б. б. / 54° с. е. 5° б. б. / 54; -5 (G) (O) (Я)Координаттар: 54° с. е. 5° б. б. / 54° с. е. 5° б. б. / 54; -5 (G) (O) (Я) (T)
Архипелагты шаятын акваторияларСолтүстік теңізі, Атлант мұхиты
Елдер Ұлыбритания
 Ирландия
Британ аралдары (Еуропа)
Британ аралдары
Британ аралдары Ортаққорда
Британ аралдары

Британ аралдарыЕуропаның солтүстік-батысында орналасқан топарал. Құрамына Ұлыбритания мен Ирландия аралдары және көптеген ұсақ аралдар (Мэн, Англси, Уайт, Ішкі және Сыртқы Гебридтер, Оркней, Шетланд) енеді. Ауданы 325 мың км²-ден астам, оның 230 мың км²-ін Ұлыбритания, 34 мың км²-ін Ирландия алып жатыр. Британ аралдары жағалауындағы сулардың тереңдігі 200 м-ден аспайды. Британ аралдары қатпарлы палеозойлық құрылымдардан түзілген. Жер қыртысының қалыптасуына кайнозойлық тектоник. қозғалыстар, мұз басу, карст процестері әсер еткен. Жер бедерінде аласа таулар (Грампиан, Пенин, Кембрий, Керри, т.б. ), таулы қыраттар (Оңтүстік Шотланд) және жазықтар кезектесіп келеді. Олардың шығу тегі әр түрлі (теңіздік, мореналық, жанартаулық). Ең биік жері — Грампиан тауындағы Бен-Невис жотасы (1343 м). Климаты жыл бойы басым болатын ылғалды батыс желдеріне тәуелді. Жылдық жауын-шашын мөлш. 700 — 1500 мм. Қаңтардың орташа температурасы 3 — 7ӘС. Шілденің орташа температурасы 11 — 17ӘС. Тұман жиі байқалады. Ірі өзендері: Северн (310 км), Темза (334 км), Шаннон (368 км); өзендердің суы мол, кеме жүзеді. Ең ірі көлі — Ирландиядағы Лох-Ней көлі (400 км²). Солтүстігіндегі күлгін топырақтарда қарағай, қайың, оңтүстігінде емен, шамшат өседі. Қазіргі кезде ормандар Британ аралдарының 4 — 5-ін ғана алып жатыр. Жануарлардан түлкі, кірпі, жабайы қояндар, тиін мекендейді. Жыртқыш құстар (сапсан, қаршыға және т.б.), құр, жабайы кептерлер, су құстары (шағала, тырна, үйрек) тараған. Британ аралдарының табиғаты адам әрекетінен қатты өзгерген. Аралда Ұлыбритания және Ирландия мемлекеттері орналасқан.


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!