Благовещенка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Благовещен ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Жекекөл, Жарағаш көлдері аралығында, орманды-дала белдемде орналасқан.
Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 3603 адам (1815 ер адам және 1788 әйел адам) болса, 2009 жылы 3106 адамды (1516 ер адам және 1590 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы
Іргесі 1893 жылы қаланған. Благовещенка 1970—97 жылдары астық кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары мен акционерлік қоғамдар құрылған. Май зауыты, машина-трактор жөндеу шеберханасы жұмыс істейді.
Инфрақұралымы
Орта мектеп, аурухана, клуб, т.б. бар. Благовещенка арқылы Пресновка — Қайранкөл автомобиль жолы өтеді.[2]
Дереккөздер