Бесшоқы (тау, Шығыс Қазақстан облысы)

Бесшоқы тауы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Талды тауы

Ұзындығы

8 км

Ені

3-4 км

Биіктігі

1095 м

Орналасуы

49°24′38″N 82°20′57″E / 49.41056°N 82.34917°E / 49.41056; 82.34917 (T)

Елдер

 Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы

Бесшоқы тауы (Қазақстан)
Бесшоқы тауы
Бесшоқы тауы (Шығыс Қазақстан облысы)
Бесшоқы тауы
 Басқа мағыналар үшін Бесшоқы деген бетті қараңыз.

Бесшоқы – Талды тауының батысындағы тау.

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында. Абсолюттiк биіктігі 1095 м. Тау батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр. Енді жері 3 – 4 км.

Жер бедері

Солтүстік беткейі тік сай-жыралармен тілімденген, батыс және шығыс беткейлері еңістеу келген. Кейбір жерлердің түпкі жыныстары жалаңаштанған. Батыс бөлігінен Қызылсу өзені бастау алады.

Өсімдігі

Таудың қоңыр топырағында боз, селеу, бетеге, жонды-қырқалы баурайында бұталар өседі.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!