Батыс Қаратау жотасы – Маңғыстау тау сілемдерінің бірі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 130 км-ге созылып жатыр, ені 10 км-дей. Биік жері – Отпан тауы (532 м).
Геологиялық құрылымы
Пермь, триас кезеңдерінің метаморфтанған құмтасты, тақтатасты, конгломератты жыныстарынан түзілген. Олар төрттік кезеңде жиналған делювийлі-пролювийлі саздақты шөгінділермен жабылған. Жер қыртысының жаңа тектоникалық қозғалысы нәтижесінде көтеріліп жаңғырған. Қойнауында мұнай, газ, темір, мыс, көмір кендері бар.
Жер бедері
Таудың ұшар бастары қырлы, беткейлері жыра, сай, шатқалдармен тілімденген.
Өсімдігі
Құнарсыз сұр қоңыр топырағында жусан, тасбұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. Тау етегінде тұщы бұлақтар бар.[1]
Дереккөздер