Батыр

Қазақ жауынгерінің, батырының түр-әлпеті

Батыр (парсы тілінде njBӨM бәһадур — ержүрек, батыл, батыр) — әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады.[1] Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан.[2]

Көшпелі халықтарда бүкіл өмірі соғыста өтетін, соғыс ісі атадан балаға жалғасқан негізгі кәсібі болған, мемлекет билікті қолына ұстаған қоғамдық топ — әскери ақсүйектер болды. Осы топта соғыс ісінің тәжірибесі жинақталып, әскери өнер дамып, қару-жарақ жасаудың, оны қолданудың биік деңгейі қалыптасты. Батырлар көбіне осы әлеуметтік жіктің өкілдері арасынан шықты. Олардың бар өмірі елдің қонысын кеңейту, халықты жаудан қорғау жолындағы жорықтарда өткен. Ел үшін жанын қиған Батырлардың есімі ел ұранына айналып, халық олардың аруақтарына табынған. Ата-бабаларынан бері қарай Батыр атанып келе жатқан, ауыр жараланса да ұрыс даласын тастамағандар қара Батыр не қара берен Батыр, қауіп-қатерді елемей, ұрысқа жалғыз кіріп ерлік көрсеткен адам жеке Батыр атанған.

Казақтың қайсар да Батыр қызы - Мәншүк Мәметова

Қазақтың қаһармандық эпостарындағы Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды, Қамбар, т.б. — жауына жалғыз аттанған осындай Батырлар. Талай рет қақпа бұзып, жау қамалына ойран салған ерлерін қазақ “қамал бұзған қас батыр” деп мақтан еткен. Бағзы заманнан қазақтың көптеген Батырлары жеке басының ерлігімен қатар жыраулық қасиетімен де дараланған. Қазтуған, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз секілді от ауызды, орақ тілді ақындар — осындай Батырлар. Қазтуған өзі туралы: “Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт, Кіндігімді кескен жұрт, Кір-қоңымды жуған жұрт, Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, жанға сақтау болған жұрт” десе, Шалкиіз: “Күлікке тастай болып тимесе, Үстіме көбе сайлап кимен-ді, Дулығамның төбесі, Туған айдай болмаса, Батыршылық сүрменді” дейді. Марғасқа жырау — еңсегей бойлы ер Есімнің батырларының бірі болған; қосымша Батырлық.[3][4]

Дереккөздер

  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  2. Байжанов Т., Қазақ тіліндегі әскери лексика, А., 1991;
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  4. Ахметжан Қ., Жараған темір кигендер, А., 1996.

Сыртқы сілтемелер


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!