Баженов Василий Иванович

Баженов Василий Иванович (12.3.1737/38, Малоярославец маңындағы Дальское селосы, - 13.8.1799, Петербург) – орыс архитекторы, суретші, архитекторы теоретигі, педагог; классицизм өкілі. Дьяк Отбасында туған. Москва университетінің әр түрлі гимназияларында оқып, 1755 жылы Петербургте қайта ашылған Көркемсурет академиясына жіберілді. 1762- 64 жылдары Италияда болды, Римдегі Әулие лука академиясының профессоры, Болонья мен Флоренция Көркемсурет академиясыеың мүшесі болып сайланады. 1765 жылы Ресейге қайта келіп, академик атағын алды. 1799 жылы петербург көркемсурет академиясының вице- президенті болды. Баженов орыс архитекторларының ішінде қала құрылысы, оның жалпы жобасы, кеңістік және композиция жарасымдылығы жайында елеулі еңбек етті. Оның қала құрылысындағы аса ірі еңбегі – Москва-Кремль сарайының жобасы (бүкіл ансамбль мен қызыл алаңды қайта құруды қосқанда). Бұл жоба бойынша Кремль күн сәулесі сияқты тарамданған көшелердің түйіскен жеріне, негізгі салтанат алаңына айналмақ еді. Екатерина 2 Москваны шектен тыс дәріптегісі келмегендіктен, ғажайып жоба жүзеге аспады. Бірақ Баженов өз идеясын Москвадағы Пашковтың үйін салуда біршама іске асырды (1784-86; қазір В.И, Ленин атындағы кітапхананың ескі үйі). Пашков үйі Баженовтің Москвада салған өзге ғимараттары сияқты (1-Мещанскийдегі Долговтың үйі, қазіргі Бейбітшілік проспектісі, 1770 жылы) фасадтарының сәи-салтанаттылығы ғимараттың бүкіл бөліктерінің айқын үйлесімділігімен жарасым тапқан. Баженов Москваның Ходин даласында сәи-салтанат құрылыстарынын салумен де шұғылданды (1774-75). Оның Царицындағы құрылыстары да екатерина 2 қарсы болған соң бітпей қалды. Баженовтің редакциясымен Витрувидің аудармасы орысша басылып шықты. Баженов – М.Ф. Казаков, К.И. Бланк, И.В. Еготов, Е.С. Назаров сияқты сәулетшілер жұмыс істеген Кремль құрылысының Экспедициясы жанындағы архитектор команда мен мектепті ашты.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!