Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің нысандары

Соттарда ата-аналық құқықтан айыру туралы істі қозғауға құқығы бар тұлға

Соттарда ата-аналық құқықтан айыру туралы істі қозғауға құқығы бар тұлға "Неке және отбасы туралы" Заңның 68-бабына сәйкес, ол ата-аналардың біреуі (немесе оларды алмастыратын адам, яғни қорғаншы, қамқоршы, асырап алған ата-аналары), прокурор, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау міндеті жүктелген органдар немесе мекемелер.

Өзге де мүдделі адамдардың (мысалы, жақын туыстарының, көршілерінің) немесе ата-аналық құқықтан айыруды талап етіп сотқа мәселе қоюға құқығы жоқ, бірақ бұл жөнінде прокурордың немесе құзырлы органдардың алдына жүгіне алатын органдар.

Ата-аналық құқықтан айырылған ата-аналар баламен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтарынан айырылады, балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақы алу құқығынан айырылады. Ата-аналар асырап-бағуға қажетті қаржы, баласының мұрасын алуға қақысы жоқ. Сонымен қатар олар өз баласын асырап-бағу міндетінен құтылмайды (алименттер төлеу). Ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналардан баланы бөлектеу мақсатында олардың бірге тұруы тоқтатылады. Кездесіп тұруына тыйым салынбайды, бірақ оны сот белгілейді.

Баланың ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналарымен және өзге де туыстарымен туыстық фактілеріне негізделген барлық мүліктік құқықтары сақталады.

Бұл мәселені шешу тек қана соттың құзыретінде. Ата-аналар өздерінің мінез-құлқын, тұрмыс-салтын, бала тәрбиелеуге көзқарасын жақсы жағына қарай елеулі түрде езгерткен жағдайда ғана ата-аналық құқықтың қалпына келтірілуі мүмкін. Ата-аналық құқықты қалпына келтіріп, баланы ата-аналарына қайтаруға — баланың мүдделеріне сай келетін жағдайда ғана жол беріледі.

Бала асырап алу

Бала асырап алу Ата-анасыз қалған балалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін заң оларды асырап алу мүмкіндігін белгіледі.

Мемлекет бала асырап алуды қолдайды, өйткені ата-анасынан айырылған балалар отбасылық қамқорлыққа бөленеді, тиісті тәрбие, материалдық жағдайға, ата-ананың сүйіспеншілігі мен мейіріміне ие болады. Екінші жағынан, балалы бола алмай жүрген отбасылар да көп. Бала асырап алу оларға өздерінің табиғи әкелік жене аналық сезімдерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Бала асырап алу нәтижесінде, бір жағынан, бала асырап алушылармен және олардың туысқандарының арасында, асырап алынған бала арасында қандастығы бойынша туыстар арасындағы сияқты құқықтар мен міндеттер туындайды. Сонымен қатар асырап алушының туған балалары мен, егер ондай балалары болса, асырап алған балаларының арасындағы құқық тең деп танылады.

Заңда бала асырап аларда бірқатар шарттар көзделген: • бала асырап алушының келісімі;

• баланың ата-аналарының келісімі. Олардың келісімі жазбаша түрде беріледі және нотариус арқылы куәландырылады;

• 10 жасқа толған баланың келісімі. Баланың келісімі жазбаша толтырылады. Егер келісім іс сотта қаралған кезде берілетін болса, ол ауызша келісім болып табылады. 10 жасқа толмаған баланың келісімі қажет емес;

• егер ерлі-зайыптылардың біреуі ғана бала асырап алатын болса, онда соттың келісімі керек. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі бұған қарсы болса, асырап алынған баланың мұндай отбасыңда тұруы қажетсіз. Бұдан басқа, бала асырап алу практикасы, әдетте, ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана бала асырап алуына рұқсат етпейді. Балаға дұрыс отбасы керек.

Бала асырап алу шарттарынан басқа оған тыйым салулар да белгіленген. Мысалы, кәмелетке толған баланы асырап алуға болмайды; некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушының арасындағы жас айырмашылығы 16 жастан кем болса, бала асырап алуға болмайды.

Соттың асырап алушының қалауы бойынша асырап алу құпиясын сақтау жөніндегі мәселені қарауына болады. Баланың туған күніне өзгеріс енгізуді осындай шараларға жатқызуға болады (3 жасқа дейінгі баланы асырап алғанда ғана оның туған күнін өзгертуге жол беріледі); баланың тегін, атын және әкесінің атын өзгерту; асырап- алушыларды ата-анасы ретінде жазу және басқалары.

"Неке жәнө отбасы туралы" Заңның 76-бабына сөйкес Қазақстанның жетім балаларын шетел азаматтарының асырап алуына жол беріледі. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, шетелдіктерге тәрбиелеуге беруге болады.

Республикада балаларға көмек беру жөніндегі "ФРЭНК" халықаралық қайырымдылық қорынын өкілдігі қызмет етеді. Ол шетел азаматтарына бала асырап алуда көмек көрсетеді, сондай-ақ шетелдерде асырап алынған балалардың жағдайына бақылау жасайды. Қазақстан балаларын шетел азаматтарының асырап алуы — біздін мемлекетіміздің практикасында жаңа құбылыс. Және бұл арада қоғамдық пікір біркелкі емес — кейбір азаматтар мұндай асырап алушылықты қолдамайды, ал көпшілігі — қолдайды. Асырап алынған балалар Қазақстан азаматтығынан айырылады.

Қорғаншылық және қамқоршылық

Қорғаншылық және қамқоршылық Қорғаншылық пен қамқоршылық мақсаты — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу болып табылады. Әркениетті қоғам мен мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды өзінің алдына басты мақсат етіп кояды. Осы міндеттерді орындау жүктелген арнаулы мемлекеттік органдар — қорғаншылық және қамқорлылық органдары жұмыс істейді. Бұл органдар мұндай балаларды іздеп тауып қана қоймай, оларды орналастыру және олардың тұрмыс жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге асыруы тиіс.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және отбасына тәрбиелеуге берілуі тиіс балалар міндетті мемлекеттік есепке алынуы керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін алуды үйымдастыру ережесі бекітілген.

Республикамызда балаларға қамқорлық көрсету, оларды мемлекеттік қолдау балалар уйлері мен интернат мекемелері жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда 1994 жылы балалар мен жас аналарды қолдау үшін Үміт уйі құрылды, онда жеке басты аналар балаларын қамтамасыз етуге тиісті жағдайлар туғанша уақытша орналастырады.

14 жасқа толмаған балалар қорғаншылыққа алынады, ал қамқоршылық 14—18 жастағы кәмелетке толмаған балаларға жасалады. Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу қорғаншы немесе қамқоршы адамды тағайындау жолымен іске асырылады. Бұл адамдарды қорғаншылық және қамқоршылық органдары тағайындайды. Көмелетке толған, іс-әрекетке қабілеттері бар азаматтар ғана қорғаншылар және қамқоршылар бола алады. Бұлардан басқа, жеке басының сапасы, жасы, денсаулық жағдайы ескеріледі.

Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құкықтары мен міндеттері: • баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, рухани және ізгілік адамгершілік көзқарастарының дамуына қамқорлық жасауға құқықты әрі міндетті;

• баланың пікірін, корғаншылық және қамқоршылық органының ұсьшыстарьш ескере отырып, баланы тәрбиелеудін тәсілдерін өз еркімен дербес белгілеуге құқықты;

• өзінің қамқорлығындағы баламен бірге тұруға міндетті. Қамқорлығындағы бала 16-ға толғанда қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімімен бөлек тұруларына жол беріледі;

• қамкорлығындағы баланың өкілі болып табылады және заңға сөйкес кез келген азаматтық-кұқықтық мәмілелер жасай алады.

Қамқоршының қорғаншыдан айырмашылығы көмелетке толмаған бала жасына байланысты, өзі дербес жасай алмайтын мәмілелер жасауға келісім береді (мысалы, қамқорлығындағы адамның үйін сату, мұрасынан бас тарту және баскалары).

Қорғаншылар мен қамқоршылар өз міндеттерін ақша талап етпей тегін орындайды және олардың құқықтарының белгілі мерзімдік сипаты бар. Қамқорлығындағы адам 14 жасқа толғанда оған қамқорлық жасау токтатылады, ал қорғаншы міндетін атқарушы адам көмелетке толмаған баланың қамкоршысы болады. Өз кезегінде, қамқоршылық камкорлығындағы адам 18-ге толғанда немесе ол көмелет жасына жетпей некеге тұрса тоқтатылады.

Баланы патронатқа тәрбиелеуге беру

Баланы патронатқа тәрбиелеуге беру Патронат — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенін бір түрі. Бұл шарт баланы тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген адам (патронат тәрбиеші) мен корғаншылык және қамқоршылык органы арасында жасалады. Бала патронат тәрбиешіге шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Бұл арада патронат тәрбиешіге баланы бағыпкұту үшін ай сайын ақша төленіп тұрады.

Баланы тәрбиелеуге беру оның пікірін есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Ал жасы 10-ға толған бала өзінің келісімімен ғана тәрбиелеуге беріледі. Ағалары мен қарындастарын медициналық қорытындылар немесе басқа да себептерге байланысты, олардың бірге тәрбиеленуіне мүмкіндігі жоқ жағдайларда болмаса, ажыратуға жол берілмейді.

Патронат тәрбиепгілерді іріктеп алу қорғаншы және қамкоршы органдар міндетіне кіреді, патронат тәрбиешілердің жеке басының сапасы, олардың бала тәрбиелуге қабілеті, балаға көзқарасы ескеріледі. Кәмелетке толған екі жыныстың адамдары патронат тәрбиеші бола алады, яғни не әйел не еркек немесе озара некеге тұрған екеуі де шарт жасаса алады. Патронат тәрбиешілерге қорғаншылар мен қамкоршылар сияқты құқықтар мен міндеттер беріледі (баланың жасына қарай). Баланы патронатка алған отбасы немесе адам баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін ақылы түрде орындайды, яғни қорғашпылар мен қамқоршылардан айырмасы бұларға ақша таленеді.

Қазақстан Республикамызда 2000 жылғы 13 желтоқсан- да "Отбасылық тұрпатмндағы балалар деревнялары мен жасөспірімдер үйлері туралы" Заңы қабылданды. Отбасы тұрпатындағы балалар деревнялары мен жасөспірімдер үйлері балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке даярлауды, еңбек нарығы сұранысындағы қандай мамандықтарға окытуды, әрбір балаға жинақ қорын ашуды көздейді.

Республикамызда бүгінгі күні отбасылық тұрпатындағы балалар деревнялары құрылып жұмыс істеуде (мысалы, Алматыда "СОС- Киндердорф" деревнясы жұмыс істейді). Бұл деревнялар жетім балаларды қорғаудың жаңа үлгісі болып табылады. Деревнялардың негізгі міндеті — тәрбиеленушілердің өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінетіндей, отбасы жағдайында тәрбиеленіл жатқандай әсерлі жағдайлар туғызу екендігі кездейсок емес.

Балаларды балалар деревнясының отбасына беру қорғаншылық және қамқоршылық органы мен тәрбиелеуші-ана арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

Тәрбиеші-ананың тәрбиелеуіне жасы 18-ге дейінгі 7—10 бала беріледі (отбасы ішіндегі балалардың жасы әр түрлі — 5,7,10,15 болуы мүмкін). Мұндай әрбір отбасы балалар деревнясынын құрамына кіреді, пәтер тұрпатындағы тұратын үй-жайлары бар (отбасы тұратын), үй іргесіндегі және қосалкы шаруашылықтары, өкімшілік үйлері мен құрылыстары бар өзінің окшауланған аумағы болады. Сондай-ақ балалар деревнясынын жанынан жасөспірімдер үйлері кұрылуы мүмкін, олардың негізгі мақсаты — балалар деревнясының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерін бітіргендерге әлеуметтік бейімделуден өтуге, қоғамға кірігуге, тәрбиеленушілердін көсіби даярлығы мен еңбекке орналасуына көмектесу. Тәрбиеленушілер жасөспірімдер үйінде 23 жаска дейін бола алады.

Сонымен, ата-аналық құқықтан айыру баланың құқықтары мен мүдделерін басқа жолмен қорғауға мүмкіндік болмаған жағдайда қолданылатын ең соңғы қатал шара. Ата-аналық құқықтан айыру тек сот арқылы іске асырылады. Бала асырап алынғаннан кейін, асырап алынған бала мен оның негізгі ата-аналарының арасындағы құқықтық мімдеттер тоқғатылады. Бұл мімдеттерді орындау жүктелген — қорғаншы және қамқоршы органдар сияқты арнаулы мемлекеттік органдар бар. Бұл органдар мұндай балаларды іздестіріп тауып қоймай, оларды орналастыруды, сондай-ақ бұл балаларды содан арғы тұрмыс жағдайын бақылап отыруды жүзеге асыруға міндетті. [1]

Дереккөздер

  1. “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-638-5

Read other articles:

ЛьєдершидLiederschiedt   Країна  Франція Регіон Гранд-Ест  Департамент Мозель  Округ Сарргемін Кантон Біч Код INSEE 57402 Поштові індекси 57230 Координати 49°07′19″ пн. ш. 7°30′00″ сх. д.H G O Висота 257 - 422 м.н.р.м. Площа 5,99 км² Населення 119 (01-2020[1]) Густота 22,7 ос./км² Розм...

 

  Patagioenas fasciata Estado de conservaciónPreocupación menor (UICN 3.1)[1]​TaxonomíaReino: AnimaliaFilo: ChordataClase: AvesOrden: ColumbiformesFamilia: ColumbidaeGénero: PatagioenasEspecie: P. fasciata(Say, 1823)Distribución Sinonimia Columba fasciata Say, 1823 [editar datos en Wikidata] La paloma de collar, paloma encinera, paloma collareja, paloma gargantilla, paloma nuca blanca, paloma de nuca blanca o paloma torcaza septentrional (Patagioenas fasciata)[2...

 

Wappen Deutschlandkarte 53.3980555555569.8813888888889112Koordinaten: 53° 24′ N, 9° 53′ O Basisdaten Bundesland: Niedersachsen Landkreis: Harburg Höhe: 112 m ü. NHN Fläche: 63,79 km2 Einwohner: 13.836 (31. Dez. 2022)[1] Bevölkerungsdichte: 217 Einwohner je km2 Postleitzahl: 21224 Vorwahlen: 04108, 04105, 040 Kfz-Kennzeichen: WL Gemeindeschlüssel: 03 3 53 029 Gemeindegliederung: 10 Ortsteile Adresse der Gem...

アンドロニコス4世パレオロゴスΑνδρόνικος Δ' ΠαλαιολόγοςAndronikos IV Palaiologos 東ローマ皇帝 在位 1376年8月12日 - 1379年7月1日出生 1348年4月11日死去 1385年6月28日セリュンブリア配偶者 キラツァ・マリア子女 ヨハネス7世パレオロゴス家名 パレオロゴス家王朝 パレオロゴス王朝父親 ヨハネス5世パレオロゴス母親 ヘレネー・カンタクゼネテンプレートを表示 アンドロ

 

Armenian-American lawyer and politician Zareh SinanyanHigh Commissioner of Diaspora Affairs of ArmeniaIncumbentAssumed office June 14, 2019Preceded byPosition established (Mkhitar Hayrapetyan as Minister of Diaspora)[1]Member of the Glendale City CouncilIn officeApril 2013 – April 2018Mayor of Glendale, CaliforniaIn officeApril 2018 – April 2019[2]Preceded byVartan Gharpetian[2]Succeeded byAra Najarian[2]In officeApril 2014 –...

 

Local anaesthetic drug RopivacaineClinical dataTrade namesNaropin, RocaineAHFS/Drugs.comMonographPregnancycategory AU: B1 Routes ofadministrationParenteralATC codeN01BB09 (WHO) Legal statusLegal status AU: S4 (Prescription only) Pharmacokinetic dataBioavailability87%–98% (epidural)MetabolismLiver (CYP1A2-mediated)Elimination half-life1.6–6 hours (varies with administration route)ExcretionKidney 86%Identifiers IUPAC name (S)-N-(2,6-dimethylphenyl)-1-propylpiperidine-2-c...

1979 compilation album by BBC Radiophonic WorkshopBBC Radiophonic Workshop - 21Compilation album by BBC Radiophonic WorkshopReleased1979Recorded1958–1979GenreElectronic music, Sound effectsLength41:28LabelBBC RecordsBBC Radiophonic Workshop chronology BBC Sound Effects No. 19 - Doctor Who Sound Effects(1978) BBC Radiophonic Workshop - 21(1979) BBC Sound Effects No. 26 - Sci-Fi Sound Effects(1981) BBC Radiophonic Workshop – 21 is a compilation by the BBC Radiophonic Workshop to cel...

 

Artikel ini tidak memiliki referensi atau sumber tepercaya sehingga isinya tidak bisa dipastikan. Tolong bantu perbaiki artikel ini dengan menambahkan referensi yang layak. Tulisan tanpa sumber dapat dipertanyakan dan dihapus sewaktu-waktu.Cari sumber: Eko Subowo – berita · surat kabar · buku · cendekiawan · JSTORHajiEko SubowoPenjabat Gubernur Sumatera UtaraMasa jabatan22 Juni 2018 – 5 September 2018PresidenJoko WidodoPendahuluTengku Erry N...

 

Dies ist eine Liste der Außenminister Namibias. Nr. Foto Name Lebensdaten Partei Kabinett Amtszeit(Beginn) Amtszeit(Ende) Minister für Auswärtige AngelegenheitenMinister of Foreign Affairs 01 Theo-Ben Gurirab 1938–2018 SWAPO Nujoma I 1990 1995 Nujoma II 1995 2000 Nujoma III 2000 2002 02 Hidipo Hamutenya 1939–2016 SWAPO Nujoma III 2002 2004 03 Marco Hausiku 1953–2021 SWAPO Nujoma III 2004 2005 Pohamba I 2005 2010 04 Utoni Nujoma 1952– SWAPO Pohamba II 2010 2012 05 Netumbo Nandi-Ndai...

Not to be confused with Telus Tower (Montreal). Commercial offices in Toronto, OntarioTelus HouseFormer namesUnion TowerAlternative namesTelus HouseGeneral informationTypeCommercial officesLocation25 York StreetToronto, OntarioCoordinates43°38′36″N 79°22′51″W / 43.6433°N 79.3809°W / 43.6433; -79.3809Construction started2007Completed2009HeightAntenna spire136.1 m (447 ft)Roof121.7 m (399 ft)Technical detailsFloor count32Floor area72,000&#...

 

Sepik language branch of Papua New Guinea This article or section should specify the language of its non-English content, using {{lang}}, {{transliteration}} for transliterated languages, and {{IPA}} for phonetic transcriptions, with an appropriate ISO 639 code. Wikipedia's multilingual support templates may also be used. See why. (June 2021) Sepik HillGeographicdistributionSepik Hills, south-central East Sepik Province, in the Sepik...

 

2002 American animated science fiction action-adventure film This article is about the 2002 film. For the 1982 film, see The Treasure Planet. For the Disney video game, see Treasure Planet: Battle at Procyon. For the soundtrack, see Treasure Planet (soundtrack). Treasure PlanetTheatrical release posterDirected byJohn MuskerRon ClementsScreenplay byRon ClementsJohn MuskerRob EdwardsStory by Ron Clements John Musker Ted Elliott Terry Rossio Based onTreasure Islandby Robert Louis StevensonProduc...

You can help expand this article with text translated from the corresponding article in Portuguese. (February 2011) Click [show] for important translation instructions. View a machine-translated version of the Portuguese article. Machine translation, like DeepL or Google Translate, is a useful starting point for translations, but translators must revise errors as necessary and confirm that the translation is accurate, rather than simply copy-pasting machine-translated text into the Engli...

 

Not to be confused with Sodium bisulfate. Sodium bisulfite Names IUPAC name Sodium hydrogen sulfite Other names E222, sodium bisulphite Identifiers CAS Number 7631-90-5 Y 3D model (JSmol) Interactive image ChEBI CHEBI:26709 Y ChEMBL ChEMBL1689285 N ChemSpider 571016 Y ECHA InfoCard 100.028.680 E number E222 (preservatives) PubChem CID 23665763 RTECS number VZ2000000 UNII TZX5469Z6I Y CompTox Dashboard (EPA) DTXSID8034902 InChI InChI=1S/Na.H2O3S/c;1-4(2)3/h;(H2,1,2,3)/...

 

Turkish public university located in Istanbul This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Mimar Sinan Fine Arts University – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (October 2018) (Learn how and when to remove this template message) Mimar Sinan Fine Arts UniversityMimar Sinan Güzel Sanatlar Ünivers...

Konten dan perspektif penulisan artikel ini tidak menggambarkan wawasan global pada subjeknya. Silakan bantu mengembangkan atau bicarakan artikel ini di halaman pembicaraannya, atau buat artikel baru, bila perlu. (Pelajari cara dan kapan saatnya untuk menghapus pesan templat ini) Usaha penangkapan ikan salmon di daerah Alaska Perikanan berasal dari kata dasar ikan yang berimbuhan pe dan an yang berarti segala kegiatan yang berhubungan dengan ikan. Perikanan adalah kegiatan manusia yang berhub...

 

Voce principale: Società Sportiva Lazio. SP LazioStagione 1922-1923Una formazione della Lazio 1922-1923 Sport calcio Squadra Lazio Allenatore Guido Baccani Presidente Enrico Giammei Prima DivisioneFinalista Miglior marcatoreCampionato: Fulvio Bernardini (24) Stadiodella Rondinella 1921-1922 1923-1924 Si invita a seguire il modello di voce Questa voce raccoglie le informazioni riguardanti la Società Podistica Lazio nelle competizioni ufficiali della stagione 1922-1923. Indice 1 Stagione...

 

One of two national anthems of New Zealand God Defend New ZealandNational anthem of New ZealandAlso known asAotearoa (Māori version) (English: New Zealand)LyricsThomas Bracken, 1870s (English)Thomas Henry Smith, 1878 (Māori)MusicJohn Joseph Woods, 1876Adopted1940 (as national hymn)1977 (as national anthem)Audio sampleGod Defend New Zealand (instrumental)filehelp God Defend New Zealand (Māori: Aotearoa,[a] meaning 'New Zealand') is one of two national anthems of New Zealand, th...

Ini adalah nama Melayu; nama Bakri merupakan patronimik, bukan nama keluarga, dan tokoh ini dipanggil menggunakan nama depannya, Abdul Rahim. Yang Berhormat Datuk HajiAbdul Rahim BakriDMSM MPعبدالرحيم بن بكري Wakil Menteri KeuanganPetahanaMulai menjabat 10 Maret 2020Menjabat bersama Mohd Shahar AbdullahPenguasa monarkiAbdullahPerdana MenteriMuhyiddin YassinMenteriTengku Zafrul Aziz PendahuluAmiruddin HamzahPenggantiPetahanaDaerah pemilihanKudatWakil Menteri Pertahan...

 

Тетраподоморфы Eusthenopteron foordiЧетвероногие в широком смысле. Сверху: зелёная литория, акантостега; Снизу: обыкновенная сипуха, обыкновенная лисица Научная классификация Домен:ЭукариотыЦарство:ЖивотныеПодцарство:ЭуметазоиБез ранга:Двусторонне-симметричныеБез ранга:Вто...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!