Анна Ольденбург әулетінен шыққан Дания және Норвегияның патшасы ІІ Фредериктің қызы болды. 1589 жылыДания мен Шотландия арасында ханшайым Анна мен болашақ Шотландия патшасы VI Яковтың некесі туралы келісім шарт жасалды. Сенімхат арқылы неке тойы Копенгагенде жасалып, қалыңдық Шотландияға кетеді. Алайда Солтүстік теңіздегі дауылдың кесірінен кеме қайтадан Норвегияға қайтуға мәжбүр болды. Шыдамсыз күйеу жігіт шотланд флотымен бірге Аннаға Ослоға келіп, сол жерде 23 қарашада олардың неке тойы өтті. Жас жұбайлар дат патшасының жерінде келісі жылдың көктеміне дейін қалды. 1590 жылы17 мамырда Анна тәж кию жорасында Шотландия патшайымы атанды. VI Яковтың дат патша әлетінің мүшесімен некесі Шотландия патшасының позициясын нығайтты.
Анна өте сүйкімді және жарқын қыз болса да, интеллектуалді жағынан патша-философ VI Яковқа тең бола алмады. Неке тойынан кейін жұбайлардың қарым-қатынасы салқындап, ақыры олар кездеспейтін болды. Әйткенімен 1594 және 1604 жылдары аралығында Анна дүниеге жеті баланы әкелді. Бірақ олардың ішінде үш баласы ғана ересек жасқа жетті: ханзада Генрих, ханзада Карл және ханшайым Елизавета.
Аннаның патша сарайына тигізген әсері өте үлкен болды. Оның арқасында шотланд (ал 1603 жылы ағылшын) сарайларында би кештер, театрлық көрсетілімдер көп ұйымдастырылып, ақындар мен музыкантта ынталанып, сарай көркейе бастады. Аннаның сарай суретшісі Исаак Оливер болды. Ол өзінің қамқоршы әйелінің көптеген суреттерін қалдырған. Дұғаларды елемеу діни адамдардың назарлығына әкелді. Назаралық Аннаның католик болуынан күшейе түсті. Патшайымның нөкерлерінен болашақта Англия мен Шотландияның мемлекеттік орындарында жұмыс істеген көптеген өнерлі Админдер шықты.