Анатолий Данилович Блинский

Анатолий Данилович Блинский (1936 жылы туған, Орал қаласы) — жазушы. 1962 жылы Орал педагогика институтын бігірген.Ауданаралық "Красный луч" газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, облыстық "Приуралье" газетінде әдеби кызметкер, "Казахстанская правда" газетінде тілші, әдеби кызметкер, бөлім меңгерушісі. Қазақстан Компартиясы ОК-ның нұсқаушысы, Қазақстан Компартиясы ОК хатшысының көмекшісі, Қазақстан ауыл шаруашылығы министрініц комекшісі кызметтерін аткарған. Кейін Мәскеуге қызметке ауысқан. Еңбек Қызыл Ту орденімен, "Еңбектегі ерлігі үшін", "В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне" медалімен және Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Шығармалары

Оның «Первопроходцы пустыни» (1971), «Кипяток бесплатно», «Государственный человек» (1972), «Устюртский меридиан» (1973), «Ключи от пустыни» (1974), «Поклонись Мугоджарам» (1977), т.б. кітаптары жарық көрген.[1][2]

Дереккөздер

  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
  2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!