Көшеге Ресей композиторы, дирижер, КСРО әнұранының авторы, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО халық артисі, генерал-майор Александр Васильевич Александровтың есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 12.12. 1956 №31 шешімі) берілген. Александров Александр Васильевич (1883-1946) Рязань облысында дүниеге келген. Кеңес армиясының ән-би ансамбль құрған және оның жетекшісі болған. Атақты «Соғыс қасіреті» әнін жазған.