Алаш қаласы

Алаш қаласы - Семей қаласының жанындағы Заречная слободканы Алаштың орталығы ретінде жариялап, оны «Алаш» қаласы деп атаған. Бұл туралы 1917 жылдың 29 шілдесінде Заречная слабодка тұрғындары жиналысының «Алаш қаласы туралы» хаттамасынан оқимыз. Хаттама соңына төраға ретінде Р.Мәрсеков қол койған. Оны Алашорда төрағасы Ә.Бөкейханның «Алашорда» үкіметінің іске кіріскендігі туралы Орынборға жіберген жедел хатынан да көреміз. Онда: «Екінші қазақ-қырғыз сиезінің қаулысы бойынша 24 маусымда Алашорда «Алаш» қаласында іске кірісті» - деп жазылған. 1917 жылдың 19 қарашасында Алаш қаласының Думасына депутаттар сайлауы өткізілген. 21-22 қарашада осы Думаның алғашқы отырысында оның төрағалығына Б.Сәрсенов сайланған.[1]

Дереккөздер

  1. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!