Көшеге аса талантты кино режиссері, КСРО халық артисі, театр және кино актері, қоғам қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 14.07. 1972 №02-10/993 шешімі) берілген. Шәкен Кенжетайұлы Айманов (1914-1970) Павлодар облысыныңБаянауыл ауданында дүниеге келген. Ол «Қазақфильм» киностудиясына басшылық еткен, «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» секілді көптеген кино-туындылардың режиссері.