Абай редакциясы

«Абай» редакциясы - Абай Құнанбаевтың 150 жылдық тойы қарсаңында 1989 жылдың қараша айында Қазақ энциклопедиясы бас редакциясы құрамында құрылған ғылыми бөлім. Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ энциклопедиясының Бас редакторы Р. Нұрғалиев. Редакция өз жұмысын ақын мерекесін дүниежүзілік деңгейде 1995 ж. атап өту хақындағы ЮНЕСКО-ның шешіміне байланысты Республика үкіметінің 1990 жылдың 22 ақпан айындағы «Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына әзірлік және оны өткізу туралы» қаулысына сәйкес ұйымдастырды. Осы мақсатпен редакция жұмысына бағдар беріп, методикалық ғылыми басшылық жасап отыратын ақылшылар алқасы құрылды. Оған Қазақстанның белгілі ғалымдары мен мәдениет-әдебиет қайраткерлері: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері 3. Ахметов, С. С. Қирабаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшелері Р. Нұрғалиев (төраға), 111. Қ. Сәтбаева, Р. Ғ. Сыздықова, Б. Г. Ерзакович, ғылым докторы Л. М. Әуезова, абайтанушы ғалымдар Қ. Мұқаметханов, М. Мырзахметов, журналист Т. Б. Рсаев енді. Семей облысында ақын энциклопедиясына жан-жақты көмек көрсетуді қолға алған жүмысшы тобы құрылды (жетекшісі Семей облысы әкімінің орынбасары М. Ж. Шайжүнісов). Абайтанушы-ғалымдар Қ. Мұқаметханов пен М. Мырзахметов Қазақ энциклопедиясы бас редакциясына тікелей жұмысқа алынды. Редакция Қытай Халық Республикасының, моңғол Халық Республикасының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін елдер ғалымдарымен байланыс орнатты. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты деген 3 мыңнан астам атау жұртшылық талқысына салынып, оның 2800-і бекітілді. «Абай» редакциясында әр жылдарда М. Құл-Мұхамед (алғашқы меңгерушісі), Т. Рсаев (ред. меңгерушісі), М. Мырзахметов, Қ. Мұқаметханов, С. Қалуов, Ә. Пірманов, М. Жұмағалиев, X. Орынғалиев, Ә. Салықбаев, С. Бірімқұлов, Ә. Еренбаева, Р. Ахметова, М. Мүсәпірова, Қ. Хасенова, Ж. Сахиев, Г. Нұрмұхамбетова қызмет істеді. Редакция «Абай» энциклопедиясын қазақ және орыс тілдерінде әзірледі.[1]

Дереккөздер

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!