«Абай және оның заманы» - «Жазушы» баспасынан 1988 ж. жарық көрген әдеби мақалалар мен зерттеулер жинағы. Авторы - М. Бейсенбаев. Жинақ кіріспеден және 18 тақырыптан тұрады. Онда Абайдың қоғамдық-әлеуметтік өмірге араласуы - ел басқару қызметі, жер дауы, жесір дауына билік айтуы, заң ережелерін жасауға қатысуы, ағарту ісіне ат салысуы жөнінде және оның өскен ортасы, замандастары жайында бұрын дәлел-тұжырымсыз ел ішіне ауызша әңгіме түрінде тарап келген жайттар Семей, Омбы, Тобыл, Түмен, Қазан, Москва, Санкт-Петербург, Алматы т. б. қалалардың архивтері мен кітапхана қорларынан табылған құнды деректермен айғақталады. Сол арқылы Абай өміріне байланысты тарихи шындық мол тың мәліметтермен жаңа қырынан танылады. Жинақ ғалымдар мен әдебиет зерттеушілеріне, көпшілік оқырманға арналған. Көлемі 7,10 б. т., 6 мың дана болып басылған.[1]
Дереккөздер
- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9