Айтбаевтың шығармашылығында портрет маңызды орын алады. Портреттерді салу кезінде ол өз-өзімен бетпе-бет еркін болатын, тақырыптық композицияда әйтеуір бір қырынан қосарлана жүретін идеологиялық міндеттен құтылатын. Ол өзі портретін салып жатқан адамының тартымдылығына еріксіз әсерленетін де осы әсерін кенеп бетіне түсіруге, кескіндеменің түр-түс жасау құрылымына шығаруға ұмтылатын.[1]