Іскерлік басқару магистрі

Іскерлік басқару магистрі, MBA (ағылшынша Master of Business Administration) - менеджмент саласындағы академиялық дәреже. MBA бағдарламасы студенттерге бизнес саласының есеп және аудит, қаржы, маркетинг, адам ресурстарын басқару сияқты жан-жақты пәндерін қамти отырып ұйымдастырылады.

Тарихы

MBA деген атау XIX-шы ғасырдың аяғында Америка Құрама Штаттарында алғаш рет қолданылған. Бұл оқыту бағдарламасының пайда болуының негізгі себебі - ел индустрияланып, кәсіпорындар ғылымға негізделген басқару жүйесін еңгізуге талпынғаны еді.

MBA бағдарламаларының негізгі түрлері

Екі жылдық (Full Time) MBA - магистратура бағдарламасы екі академиялық оқу жылы бойы жүргізіледі. Студенттер оқуға кем дегенде бірнеше жылдық жұмыс тәжірибесімен қабылданады және сабаққа басқа да университет студенттері сияқты апта іші (жұмыс) күндерінде қатысады.

Сырттай оқытылытан (Part-time) MBA сабақтары апта іші (жұмыс) күндерінің кешінде немесе апта соңында өткізіледі. Сырттай оқытылатын MBA көбінесе үш немесе одан да көп жыл аралығына созылады. Бұндай бағдарламаларда студенттер негізінен жұмыс істейтін мамандардан құралып, оқу ауыртпашылығы ұзағырақ мерзім аралығына үлестіріледі .

Атқарушы (Executive) MBA (EMBA) бағдарламасы атқарушы менеджмент деңгейіндегі басқарушылардың білім алуға деген қажеттіліктерін өтеуге арналған. Бұл бағдарлама бойынша студенттер МВА дәрежесін негізгі жұмыстарынан ажырамастан екі жыл немесе одан да аз мерзімде алып шығуға мүмкіндік береді. Қатысушылар әрқилы және әр көлемді ұйымдардан (өнеркәсіп, сауда, мемлекеттік, мемлекеттік емес т.с.с) таңдалады. EMBA студенттерінің жұмыс тәжірибесі MBA студенттеріне қарағанда әлдеқайда көбірек (мысалы, 10 жылдан астам) болады.

Қашықтықтан оқу (Distance learning) MBA бағдарламасы кампустан тыс оқытылады. Бұндай бағдарлама жүйесі әртүрлі пішінде жүргізілуі мүмкін: пошта немесе электронды пошта арқылы хабар алмасу, бей-интерактивті (видео тарату), алдын-ала жазылған видео, жанды теле- немесе видеоконференция, офлайн немесе онлайн компьютерлік курстар.

Қосарлы (Dual) MBA бағдарламасы MBA дәрежесін басқа магистрлік дәрежелермен (мысалы, M.Sc., MA) қиыстырады. Осының арқасында, студенттер оқу шығындарын қысқарта отырып, өздерінің қажеттіліктеріне сай бизнес саласындағы білім алуын ыңғайластырады.

Мини (Mini) MBA бағдарламада пайда табатын немесе пайда таппайтын институттар бизнес негіздерін үйретеді. Бұрын Мини MBA бағдармалар кредитсіз курстар ретінде берілетін еді. Бірақ Мини MBA сертификаттар критикаға ұшырап, толық кредиттік курстар берілетін болған соң, Мини MBA оқушылар мойынға алынатын дәрежелерді ала алатын болды.

Жеделтетілген (Accelerated) MBA екі жылдық бағдармаларының бір түрі. Осы бағдарламаның курстары мен емтихандары тез берілгеннен, жеделдетілген MBA күрделірек болып табылады.

Қабылдау талаптары

Бағдарлама мазмұны

Қазақстанда

Қазақстандағы МВА тарихы

Аккредитация

MBA бағдарламаларының бағалануы

Туыстық магистрлік/докторлық бизнес дәрежелер

Әдебиеттер

Сыртқы сілтемелір

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!