Transparency International — жемқорлықпен күресуге және оның әлем бойынша деңгейін анықтауға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйым.
«Трансперенси Интернешнл» 1993 жылы Берлин қаласында құрылған. Негізін салған Дүниежүзілік банктің бұрынғы директоры Петер Айген. Бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде ұйымның филиалдары бар.